AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мектеп формасын сатып алу бойынша цифрлық платформ...

Мектеп формасын сатып алу бойынша цифрлық платформа енгізіледі

Әлеумет 22.11.2022, 03:10 1,293
Мектеп формасын сатып алу бойынша цифрлық платформа енгізіледі
Сурет: Ашық дереккөз

Бұл мектеп формасын шығару бағытындағы отандық өндіріс көлемін арттыруға ықпал етеді


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде «Ашық сағат алаңы» шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп аз қамтылған отбасыларға қаржылық және материалдық көмек көрсету қағидалары бойынша цифрлық платформаны енгізу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Аталған жобаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық жеңіл өнеркәсіпті дамыту аясында мемлекеттік тапсырыстарды мектеп формасын сатып алуға бағыттау тапсырмасына сәйкес жүзеге асыру көзделіп отыр. 


Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспановтың басшылығымен өткен кеңес барысында жобаны іске қосу мәселелері қарастырылды. Аталған пилоттық жобаны алдымен Астана қаласында, кейін еліміздің барлық өңірінде енгізу жоспарланған.



«Қазіргі уақытта «Әлеуметтік әмиян» платформасы арқылы ата-аналарға белгілі бір дүкендерде мектеп формасын сатып алуға кепілхат беру мәселесі қарастырылуда. Сондай-ақ отандық тауар өндірушілерге мектеп формасын сату үшін жеңілдікті шарттармен сауда нүктелері ұсынылғаны жөн. Осыған байланысты отандық тауар өндірушілердің тізілімін қалыптастыру қажет, басты талаптардың бірі – ұлттық стандарттарға сәйкес өнім өндірісін анықтау», – деп атап өтті Ілияс Оспанов.



Жоба нәтижесінде бюджет қаражатын нысаналы мақсаты бойынша жұмсаудың ашықтығы қамтамасыз етілетін болады. Сондай-ақ мектеп формасын шығару бағытындағы отандық өндіріс көлемін арттыруға ықпал етеді.


Аз қамтылған отбасыларға қаржылық және материалдық көмек көрсету қағидалары шеңберінде киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алуға көмек ата-аналардың өтінішіне сәйкес ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес мөлшерде ақшалай берілетінін атап өткен жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп формасы #Цифрлы платформа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);