ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мектеп бітірушілер бес пәннен мемлекеттік емтихан...

Мектеп бітірушілер бес пәннен мемлекеттік емтихан тапсырады

Әлеумет 31.05.2023, 11:35 1,606
Мектеп бітірушілер бес пәннен мемлекеттік емтихан тапсырады
Сурет: ашық дереккөз
Кезекті оқу жылы аяқталды. Әр түлектің алдында өміріндегі маңызды қадамдардың бірі – қорытынды аттестаттаудан өту күтіп тұр. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр...

Кезекті оқу жылы аяқталды. Әр түлектің алдында өміріндегі маңызды қадамдардың бірі – қорытынды аттестаттаудан өту күтіп тұр. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов биыл емтихан тапсыру рәсімі қалай өтетінін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Қазақпарат таратқан мәлімет бойынша, оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесін анықтау үшін 9 (10) сынып оқушылары қорытынды бітіру емтиханын, 11 (12) сынып оқушылары мемлекеттік бітіру емтиханын тапсырады.


Емтиханды комиссия қабылдайды.


Оның құрамына пән мұғалімдері, мектеп директорының орынбасарлары, қоғамдық ұйымдардың және ата-аналар комитетінің өкілдері кіреді.


Комиссияны мектеп директоры немесе оны алмастыратын адам басқарады.


Комиссия мүшелерінің саны бір бітіруші сынып-кешен болған жағдайда кемінде бес адамнан, ал екі және одан көп бітіруші сынып-кешен болса кемінде жеті адамнан тұрады.


2-13 маусым аралығында 9 (10) сынып оқушылары қорытынды бітіру емтиханын тапсырады:


2 маусым– эссе нысанында оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін – жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);


6 маусым – математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан;


9 маусым – орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілді сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау);


13 маусым - таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзілік тарих, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика).


5-19 маусым аралығында 11 (12) сынып оқушылары мемлекеттік бітіру емтихандарын тапсырады:


5 маусым – оқу тілі бойынша жазбаша емтихан;


8 маусым – алгебра және талдау бастамалары бойынша жазбаша емтихан;


12 маусым – тарих пәнінен ауызша емтихан;


15 маусым – өзбек/ұйғыр/тәжік/орыс тілдерінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;


19 маусым – таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика).



«Бітіру емтихандары қарсаңында қорытынды аттестаттау ережелері мен нормаларын мүлтіксіз сақтаудың маңызын атап өткім келеді. Академиялық адалдық қағидаттарын сақтау бойынша мұғалімдердің де, оқушылардың да өз кезегінде жауапкершілік аймағы бар. Емтиханды объективті өткізу барысы білім сапасын арттыруға ықпалын тигізетінін түсіну өте маңызды. Мектептің абыройы, сондай-ақ оның білім кеңістігіндегі беделі тек цифрлық көрсеткіштерге ғана емес, сонымен қатар түлектердің сапалы дайындығына, олардың терең біліміне, бірегей білім беру дәстүріне негізделген», - дейді комитет төрағасы.



Оның айтуынша, академиялық адалдық жолы адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті және жауапты қоғамның азаматын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.