AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Мектеп бітіру кештері тек оқу орнында өтеді: минис...

Мектеп бітіру кештері тек оқу орнында өтеді: министрліктер талапты күшейтті

Білім және ғылым 13.04.2026, 11:42 552
Мектеп бітіру кештері тек оқу орнында өтеді: министрліктер талапты күшейтті
depositphotos.com

Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, орта білім беру ұйымдарында бітіру кештерін өткізу тәртібін нақтылады. Осыған байланысты арнайы бірлескен бұйрық қабылданбақ, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қабылданған шаралар ең алдымен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың құқықтарын қорғауға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Жаңа талапқа сәйкес, аттестат табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында өткізілуге тиіс. Сондай-ақ, бітіру кештерін мектептен тыс жерде ұйымдастыруға жол берілмейді.

Құжатта оқушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен ақша жинауға, сондай-ақ өзге де материалдық құндылықтар талап етуге қатаң тыйым салынатыны атап көрсетілген.

Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдарға қаржылық шығынды қажет етпейтін тәрбиелік, мәдени және ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ, түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Ал ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту міндеті жүктелді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #заң #Оқу-ағарту министрлігі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);