Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мейірімді ана, адал жар

Мейірімді ана, адал жар

Әлеумет 06.03.2023, 13:30 1,125
Мейірімді ана, адал жар
Сурет: Министрлік

 Қорғаныс министрі әйел әскери қызметшілерді мерекемен құттықтады


Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысы әскери қызметші әйелдермен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Генерал-полковник Руслан Жақсылықов нәзік жандылардың бүгінде түрлі салада еңбек етіп жүрген атап өтті. Олардың жетістіктері мен шыққан биігі барлық қазақстандықтарға жігер беріп, ынталандырады. Ұлы Отан соғысы жылдары да осылай болды. 



– Соғыс – ер азаматтардың ісі екені бәрімізге мәлім. Алайда 1941-1945 жылдары болған сұрапыл кезең талай батырларды танытты. Сын сағатта елі үшін қазақ халқының даңқты қыздары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова және басқа да көптеген әйелдер ерлермен тізе қосып, Отан қорғады, – деді министр.



Әскери қызметші қыз-келіншектердің армиядағы жауынгерлік әзірліктің және әскери қызметтің беделін арттырудағы рөлін атап өтіп, қорғаныс ведомствосының басшысы адал қызметі үшін шын жүректен алғыс айтты.



Олардың қатарында десантшылар мен спортшылар, мемлекеттік құпияларды қорғау және жауынгерлік даярлық жөніндегі мамандар, әскери полицейлер мен дәрігерлер, техникалық мамандар мен байланысшылар, әскери психологтар мен қаржыгерлер, кадр мамандары мен тәрбиешілер бар.



– Бүгінде олар мейірімді ана, адал жар және үй шаруасындағы тамаша жан ғана емес, әскери қызметші әйелдер әуе кемелерін де басқарады, теңіз навигациялық міндеттерін де орындауға қатысады, ҰҚШҰ мен ШЫҰ аясындағы жаттығуларға да қатысады, ер адамдармен тең дәрежеде жауынгерлік кезекшілік те атқарады, – деп атап өтті генерал-полковник Руслан Жақсылықов.



23366 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Жанар Оспанова өзінің 1996 жылдан бері Қарулы күштерде жауапты лауазымды қызметін атқара жүріп, балаларына қамқор, отбасындағы бақ-берекенің ұйытқысы болуының сырымен бөлісті.



– Құпия ештеме жоқ. Ең бастысы – үнемі жинақы болу, отбасындағы басты нәрсе береке екенін ұмытпау. Сонымен қатар белсенділікті жоғалтпау деп ойлаймын, – деді Жанар Оспанова.



Қорғаныс ведомствосының басшысы олимпиада чемпионы, Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің штаттық командаларды даярлау орталығы бастығының орынбасары подполковник Ольга Рыпаковаға зор алғысын білдірді. Биылғы жылы атақты жеңіл атлет спорттық мансабын аяқтағанын мәлімдеді, дегенмен оның бай тәжірибесі мен білімі армия спортшыларын даярлау ісінде сұранысқа ие екені анық.


Қарулы Күштердің ардагері, запастағы полковник Мара Райымова «Астана» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасарына дейін кәсіби тұрғыда тынымсыз еңбегімен өсті. Оның өмір жолы – әрбір әскери қызметшіге үлгі боларлық. 


Кездесудің әр қатысушысы туралы көп нәрсе айтуға болады. Гвардия сержанты Надежда Колдырева 32363 әскери бөлімінде қызмет етіп, 17 рет парашютпен секірді. 35835 әскери бөлімі штабының офицері аға сержант Толқын Бәкіжанова Армия халықаралық ойындарының «Бейбітшілік жауынгері» байқауында Қарулы күштердің намысын қорғады. Осы байқауда бірнеше жыл қатарынан Қазақстан командасының бірінші орын алуында оның да ерен еңбегі бар.


Алматы гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, подполковник Кристина Новикованың домбырада күй толғауы әйелдердің жан-жақты талантты екенінің тағы бір дәлелі болды.



Кездесу соңында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жоғары көрсеткіштері мен үлгілі қызметі үшін ерекше көзге түскен әйелдерге құрмет грамоталары мен медальдар табыс етті.


Бірқатар әскери қызметшілерге мерзімінен бұрын әскери атақтар берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#8 наурыз #Қорғаныс министрлігі #құттықтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.