ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Референдум - 2022 / Мегополистегі референдум қорытындыланды

Мегополистегі референдум қорытындыланды

Референдум - 2022 05.06.2022, 15:28 1,313
Мегополистегі референдум қорытындыланды
Almaty-akshamy.kz
Алматы қаласының орталық комуникациялар қызметінде сағат 20:30-21:15-те аралығында «Дауыс беруді аяқтау туралы» ОФЛАЙН-брифинг болды.

Алматы қаласының орталық комуникациялар қызметінде сағат 20:30-21:15-те аралығында «Дауыс беруді аяқтау туралы» ОФЛАЙН-брифинг болды. 


Бұған Алматы қаласы бойынша Бақылаушылар капитаны, «Қоғамдық жоба» ҚБ директоры Братенков Александр Иванович, Алматы қаласы «Азаматтық бастама орталығы» ҚБ үкіметтік емес ұйымы штабының жетекшісі Құдышева Ботагөз Қинаятқызы, экономист, қоғам қайраткері Бекнұр Қисықов қатысты.


Жиында мегаполистегі сайлау учаскелерінің дауыс беру жағдайы, алғашқы нәтижелер, қалалықтардың белсенділігі т.б. қорытынды тұжырымдар мәлім етілді.


– Біз көп күткен референдум да аяқталып келеді. Кезінде Махатма Ганди айтыпты «Өзгерісті қаласаңыз, өзіңізден бастаңыз» депті. Сондықтан да айтарымыз «Жаңа Қазақстанды» құрамыз десек, әрбіріміз атсалысуымыз керек. Қоғамдық мекемелер бәрі де бұл шараны барынша бақылап өз бағасын берді деп ойлаймыз, – деді Б.Қинаятқызы. 


Брифингте қаламыздағы сайлаудың ахуалы төңірегінде Алматы қаласы бойынша Бақылаушылар капитаны, «Қоғамдық жоба» ҚБ директоры Братенков Александр Иванович айтып берді.


– Алматы қаласындағы референдум учаскелеріндегі жұмыс қызу өтті деп санаймыз. Барлық республика аумағында 50 %-дан асқаны айқын. Бұл жолғы референдум өзгесінен өзгерек болды. Халық позитив көрсетті. Әрбір өзгерісті қалаған азаматтар өз даусын берді. Менің ойымша бұл үлкен мереке деп санаймын, – деді А.Братенков.


Сондай-ақ, Александр Иванович электорат, жастардың осындай маңызды шараға қатысуы, заң бұзушылықтар т.б. көптеген тақырыптарды түртіп өтті.


– Біздің ойымызша, электораттың, оның сыртында жастардың белсенділік танытып, өз таңдауын жасайтын орны ол – референдум. Өйткені референдумның болашаққа берер пайдасы зор. Сол себептіде, әртүрлі пиғылдағы жандардың арандатуына назар аудармаған абзал. Ондай сәттер осындай алқалы жиындарда орын алып жатады. Ол жағы жасырын емес. Сондай-ақ, Алматыға келіп дауыс бергісі келгендер болды. Бірақ тіркеуі болмаған жағдайда, оларға өз тұрғылықты жері бойынша кеңестер айтылды. Бұл біздің ортақ құндылығымыз екендігін ұғынған жөн, – деп қосты ол.


Мегаполистегі сайлау учаскелеріндегі белсенділік, халықтың келуі, басқа өңірлермен салыстырмалы жағы туралы ой-пікірлер келтірілді.


– Бір феномен айтайын. Бәріміз сандық технологияға көшіп барамыз. Мүмкін болашақта электорнды дауыс беруге көшуіміз мүмкін. Жалпы Вашингтон, Нью-Йорк, Стамбул сынды алып шаһарларда белсенділік төмендеу. Неліктен олай екендігін, ешкім білмейді. Ондай жағдайларға қарағанда қаламызда белсенділік жоғары болды деп айта аламыз, – деді Б.Қисықов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.