Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мегаполистің сейсмикалық қауіпсіздігі  талқыланды

Мегаполистің сейсмикалық қауіпсіздігі  талқыланды

Әлеумет 22.02.2023, 20:47 1,016
Мегаполистің сейсмикалық қауіпсіздігі  талқыланды
суретті түсірген - С.Құсайнов

Алматыда Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мен мемлекеттік органдардың өкілдері кездесіп, мегаполистің сейсмикалық қауіпсіздігін талқылады.



«Біз 2016–2018 жылдардағы Алматы қаласының жылжымайтын мүлік нысандарын паспорттау бо­йынша жұмыс жүргіздік. Жер сілкінісіне шыдас бермейтін ғима­раттарды қалай түзетуге болатын­дығы туралы ұсыныстар бердік. Паспорттау кезінде біз Жароков, Әуезов, Тимирязев, Гагарин көше­леріндегі жер сілкінісін модельдеп, тәжірибе жасап көрдік. Нәтижесін­де ғимараттардың қаншалықты зардап шегетіні туралы экономика­лық шығынды есептедік. Әр ны­санды 7, 8, 9 балл жер сілкінісімен сынадық. Алматыда 100 мыңнан астам жылжымайтын мүлік бар, яғни 80%-ы тұрғын үйлер. Олар­дың бәріне сейсмикалық күшейту бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу – артық шығын әрі бос байбалам. Біз жалпы талдау жаса­дық, егер сіз қаладағы әрбір ғима­рат бойынша егжей-тегжейлі тал­дау жасасаңыз, онда төлқұжат кешіктіріледі. Мегаполисте қала­ның солтүстік бөлігінде орналас­қан 5 тектоникалық ақау бар және оларда 1200 ғимарат тұр», – дейді «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Бас директоры Бегман Құлбаев.



Маманның айтуынша, ең алды­мен сейсмокүшейтулер апатты ғи­мараттарда жүргізіледі.



– Сейсмологтар жер астында не болып жатқанын бақылайтын адамдар, ал біз табиғи апаттар кезінде ғимараттардың қаншалық­ты төтеп бере алатынын зерттейміз. Жер сілкінісі кезіндегі әр қозғалыс ғимараттарға әртүрлі әсер етеді. Алматы аумағында жүргізіліп жат­қан бақылаулар өте дұрыс, өйткені бұл нәтижелерді біз тұрғын үй салу кезінде қандай да бір жобаларды әзірлеу кезінде ескереміз, – деді спикер.



Ол сондай-ақ, Алматыда кейбір құрылыс нысандарын салу кезінде ғимараттарды тербететін арнайы жабдықтың көмегімен жер сілкінісіне төзімділікке көтергіш қабырғаларды дірілдейтін динами­калық сынақтан өткізетінін айтты. «Қазақстан» қонақүйі зілзалаға тө­теп беретін бір ғана ғимарат емес екен, қалада бұдан басқа да тексе­руден өткен бірқатар тұрғын үй кешендері зілзалаға шыдас бе­ретінін көрсетті. Бұл – «Нұрлы тау» кешені, «Мегатауэрс» тұрғын үй кешені, Достық – әл-Фарабидегі тұрғын үй кешені.


«ҚазҚСҒЗИ» АҚ өндіріс жөнін­дегі басқарушы директоры Ералы Шоқбаров болат конструкциялары бар кірпіш қабырғалар сенімді емес екенін айтты. Өйткені, 9 бал­дық зілзала кезінде кірпіш үгітіліп, ал болат қабырғаны сындыруы мүмкін.



– Біз монолитті ғимараттарда да сынақтар жүргіздік. Ғимарат 6 бал­мен тербеледі, бұл ретте ғимарат­тың қирауын бейнетіркеу жүргізі­леді. Содан кейін олар 7, 8, 9 балл береді және әр кезеңде бейне түсіру жүреді, содан кейін құрылысшылар үшін жер сілкінісіне төзімділікті арттыру бойынша ұсыныстар бері­леді. Олар осы шарттарды орын­дауы керек, содан кейін біз тексеру жүргізіп, ғимараттың сейсмикалық тұрақтылығын растайтын құжат береміз, – деп қорытындылады спи­кер.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сенаторлар #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.