ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Қаржы / Медициналық сақтандыру қорына түскен шағымдар шама...

Медициналық сақтандыру қорына түскен шағымдар шамамен 2 есеге артқан

Қаржы 12.04.2022, 03:28 1,329
Медициналық сақтандыру қорына түскен шағымдар шамамен 2 есеге артқан
inform.kz
Еліміздің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түрлі байланыс арналары арқылы 208,5 мың өтініш келіп түскен, оның 5,5 мыңнан астамы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне байланысты...

Еліміздің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түрлі байланыс арналары арқылы 208,5 мың өтініш келіп түскен, оның 5,5 мыңнан астамы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне байланысты шағымдар, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қордың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы таратқан мәліметке қарағанда, шағымдар былтырғымен салыстырғанда шамамен 2 есеге көп түсуде. Күн сайын бұл мекеме 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, fms.kz ресми сайты және telegram-дағы @SaqtandyrýBot ресми байланыс арналары арқылы өтініштерді қабылдайды.



«Талдау көрсеткендей, ең сұранысы жоғары байланыс тәсілі - 1406 байланыс орталығы – өтініштердің 83%-ы осы қысқа нөмір арқылы түскен. Екінші орында – Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы. Қорға көбінесе Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақтөбе, Ақмола облыстарының тұрғындары жүгінеді. Өтініштердің негізгі бөлігі консультативтік сипатта болады. Өтініш берушілердің дені жарналар мен аударымдарды қалай төлеу керектігін, МӘМС бойынша медициналық көмекті алу үшін қандай кезеңдерде төлем жүргізу керектігін сұрайды», – дейді қордың заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жасау департаментінің директоры Забира Оразалиева.



Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Клиенттермен қарым-қатынасты басқару» жүйесіне 1891 өтініш түскен. Мұның 1-желісі арқылы түскен 829 өтініштің 764-і «жұмыс істемейтін жүкті әйелдер» және «орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдар» санатындағы жеңілдігі бар азаматтардан уақытша мәртебе беру туралы түскен өтінімдер. Бұдан басқа «ШОБ үшін сақтандыру мәртебесін түзетуге» 65 өтінім түсіп, өңделді.


Қор өкілдері атап өткендей, бірінші тоқсанда 5,5 мың шағым түскен. Пациенттер медициналық көмектің сапасыз көрсетілуіне немесе одан бас тартылуына, консультациялық-диагностикалық қызметтерді ұзақ күтуіне, тар бейінді мамандарға жазбаның болмауына шағымданған.



«Шағымдардың негізгі себептері – тағайындалған еммен, қойылған диагнозбен келіспеу, дәрігердің медициналық қызметтерге жолдама беруден бас тартуы, бейінді дәрігердің консультациясын немесе диагностикалық тексеруді күту, өңірде қажетті мамандардың болмауы. Қор әр шағым бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізуде. Біз пациенттерді өз құқықтарын білуге және құқықтары бұзылса, жағдайды сол жерде шешу үшін алдымен медициналық ұйымның өзінде Пациенттерге қолдау көрсету қызметіне жүгінуге шақырамыз. Бұл қызметтер барлық емханалар мен ауруханаларда бар. Егер мәселені сол жерде шешу мүмкін болмаса, қорға жүгіну қажет», – деп атап өтті Забира Оразалиева.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.