AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Медициналық көмектің сапасына наразы болған алматы...

Медициналық көмектің сапасына наразы болған алматылықтардан мыңнан астам шағым түсті

Медицина 18.04.2022, 08:18 2,046
Медициналық көмектің сапасына наразы болған алматылықтардан мыңнан астам шағым түсті
Сурет: Pravmir.ru

Мамандар кемшіліктерді дер кезінде жоюға мүдделі.


Жыл басынан бері Медициналық сақтандыру қорына алматылықтардан 1 018 шағым түсті. Бұл туралы қордың Алматы қалалық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Оның айтуынша, түскен өтініштің басым бөлігі медициналық көмектің сапасы мен консультациялық-диагностикалық қызметті күту мерзімінің ұзақтығына, көмек көрсетуден бас тарту мәселесіне қатысты.


Шағымдар қордың fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы түскен. 



«Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі бас дәрігерге бағынады. Оның міндеті - қызмет көрсету сапасын жақсарту. Сол себепті аудит қызметі медициналық көмектің пациенттерге толыққанды әрі сапалы көрсетілуін қамтамасыз етуге, кемшіліктерді анықтап, дер кезінде жоюға мүдделі», - дейді филиал басшысы Тілеухан Әбілдаев. 



Ол қандай жағдайда пациенттерді қолдау қызметінің көмегіне жүгінуге болатынын да атап өтті. Мысалы, шұғыл көмек көрсету үшін сақтандырылған статусын талап етсе, сақтандырылмағандықтан учаскелік дәрігердің қабылдауына жазудан бас тартса, емханаға тиесілі аумақта тұрсаңыз да учаскелік дәрігер үйге келіп қарауға келіспесе, салалық маманның жоқтығына байланысты немесе алдағы бір айда орын жоқ деген желеумен дәрігердің қабылдауына жазбаса, тиісті диагностикалық тексерулер мен зертханалық қызметтерге жолдама берілмесе, дәрігер қабылдаған кезде дөрекілік танытса, медициналық көмектің сапасы көңілден шықпаса, қойылған диагноз бен тағайындалған емнің дұрыстығына күмәнданған жағдайда, медициналық деректерден қате кетсе немесе көрсетілмеген қызмет «көрсетілді» деп жазылса, жалпы, медицина қызметіне көңіліңіз толмаса және тағы да басқа жағдайларда ішкі аудит қызметіне жүгінуге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина #қызмет #Сапа #услуги #жалобы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);