Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Медеуге эко көліктер ғана кіре ала ма?

Медеуге эко көліктер ғана кіре ала ма?

Әлеумет 10.11.2022, 03:45 933
Медеуге эко көліктер ғана кіре ала ма?
Сурет: Ашық дереккөз

Бүгінгінде парк аумағында 2 компания жолаушылар тасымалымен айналысып жатыр


Кәсіпкерлерге электр көліктерімен тасымалдауды жүзеге асыру үшін «Медеу» паркімен келісім жасау ұсынылды. Бизнес өкілдері бұл бастаманы прокуратурамен бірлесіп, Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы алаңында талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы кәсіпкерлер палатасының әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Нұрбол Ашербеков жиынды  аша отырып, электр карлардың мемлекеттік органдармен ерекше қорғалатын аумақтың ашық аймағына кіруін шектеу мәселесі бірнеше рет талқыланғанына қарамастан, мәселе әлі де ашық күйінде қалып отырғанын атап өтті.



«Тараптардың бірнеше рет келіссөздерінен кейін прокуратура, «Медеу» паркі және Алматы кәсіпкерлер палатасының өкілдері меморандумға қол қою туралы шешім қабылдады», – деді спикер.



 Бұл келісім ерікті және кәсіпкерлердің құқығы мен міндеттерін қамтиды. Прокуратура өкілі меморандум барлық кәсіпкерлермен жасалатынын атап өтті.


«Парк басшылығының аумаққа кіруге қатысты заңсыз әрекеттерінің болғанын растаймыз. Біз жасыл экономика басқармасымен, «Медеу» паркінің басшылығымен келіссөз жүргіздік және бұл меморандум ынта білдірген барлық кәсіпкермен жасалады деген келісімге келдік», – деді прокуратура өкілі Светлана Ким. 


Құжатты әзірлеушілер мемлекеттік органдардң тарапынан кәсіпкерлердің қызметіне араласу болмайтынын айтты. Бұл бастама парккке кіретін машиналарға қатысты ұсынылды: 
«Ешкім парк аумағына кіру уақытын және паркке әкелінген адамдардың санын белгілемейді. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заң бар, оған сәйкес кәсіпкерлер, мысалы, тасталған қоқыс, рұқсат етілмеген автотұрақтар үшін жауап береді», – деп түсіндірді прокуратура өкілі.


Бүгінгі таңда парк аумағында 2 компания жолаушылар тасымалымен айналысып жатыр, тағы 5 компания меморандумға қол қойып, жақын арада жұмысын бастайды.


Тасымалдаушылар болса меморандум кедергі болады деп санайды. Өйткені парк жетекшілігі автотұрақ орындарын бақылай алмайды. 



«Алматыда қазір электр машиналарға тренд жүріп жатыр. Бүгінде «Медеу» паркінде тіркелген көлік саны 600-ға жуық. Былтыр ғана бұл көрсеткіш 60 машина айналысында болған. Екі жылдан кейін көрсеткіш 10 мың бірлікке дейін жетуі мүмкін. Осындай ағынды парк қалай бақылай алады?», – деп сұрақ қойды  Blu Sky ЖШС тасымалдаушы компанияның өкілі. 



«Медеу» ұлттық паркі директорының орынбасары Алмас Аттапханов аумақта тұрақ орындарының саны шектеулі екенін растады. Электромобильдердің бір бөлігі «Медеу» паркі арқылы «Шымбұлақ» тау шаңғы курортының мейрамханаларына транзитпен өтеді.


«Егер демалыс күндері барлығы жаппай кірсе, онда көліктерді жұп және тақ сандар бойынша кіргізу туралы ойлану керек шығар? Қазір мұндай мәселе тұрған жоқ. Өйткені мұндай ағын әзірге жоқ. Келер шақта бұл мәселеге қайта оралуымыз керек», – деді Нұрбол Ашербеков. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Медеу #Эко көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.