конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / «Медеу – Шымбұлақ» аспажолында адамдар қалып қойды

«Медеу – Шымбұлақ» аспажолында адамдар қалып қойды

Оқиға 12.12.2022, 03:45 1,370
«Медеу – Шымбұлақ» аспажолында адамдар қалып қойды
Сурет: Ашық дереккөз

Аспалы жолдың техникалық жай-күйіне мониторинг жасайтын жүйеден ақау шықты.


Әлеуметтік желіде «Медеу – Шымбұлақ» аспалы жолында кабиналарда адамдар қалып қойғаны туралы видео тарады. Тау шаңғысы курортының баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Таралған видеоларға сүйенсек, фуникулер аспалы жолда тұрып қалған. Кабиналарда 2,5 сағат отыруға мәжбүр болған туристер тек кеш бата төменге түсірілген.


Тау шаңғысы курортының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 9 желтоқсан күні «Медеу – Шымбұлақ» аспажолы техникалық ақауға байланысты сағат 16:30 – 17:15 аралығында, яғни 45 минутқа тоқтатылды. Оның себебі – аспалы жолдың техникалық жай-күйіне мониторинг жасайтын жүйедегі ақау. Орталық пунктке мәліметтердің түсуі тоқтағаннан кейін, аспалы жолдың жұмысы да тоқтаған.



«Тоқтау кезінде «Медеу – Шымбұлақ» аспалы жолында қалып қойған қонақтарды түсіру үшін сағат 17:15-те резервті режимге көшу және іске қосу жүргізілді және бұл «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының техникалық бригадасы ақауды толық жойғанша жалғасты. Сағат 18:30-да ақау толығымен жойылып, аспалы жол штатты режимде жұмысын жалғастырды», - деді мекемеден.



Сондай-ақ хабарланғандай, осы уақыт аралығында аспалы жолдағы фуникулерға отыру үшін кезекте тұрған туристерге тегін шәй берілген. Ал дәмханалар өз жұмыс режимін ұзартқан. Одан бөлек, балалары бар қонақтарға «Медеуге» дейін қызметтік көлікпен трансфер ұйымдастырылған.


«Осындай оқиғалардың қайталану қаупін азайту және ұқсас жағдайлар кезінде курорт қонақтарының дискомфортын төмендету үшін қажетті шаралар қабылданды. Соның ішінде аспалы жолдағы әрбір кабинаға штаттан тыс жағдайлар үшін құтқару қобдишаларын (жамылғы, өздігімен қыздырылатын аяқ киім төсеніші, бұзылмайтын тіскебасар, дәрілік препараттардан: белсендірілген көмір, қызу түсіретін, аллергия мен диареяға қарсы дәрі-дәрмек, көзге арналған тамшылар) қою жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Курорт әкімшілігі келтірілген ыңғайсыздық үшін кешірім сұрайды», - деп қосты мекеменің баспасөз қызметінен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шымбұлақ #Аспалы жол #ақау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54

Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді

Бүгін 16:48

Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр

Бүгін 16:42

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);