AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Медеу баспалдағын бағындырған әже сайлауда дауыс б...

Медеу баспалдағын бағындырған әже сайлауда дауыс берді

Құрылтай 23.08.2026, 09:14 232
Медеу баспалдағын бағындырған әже сайлауда дауыс берді
видео кадры

Алматыдағы Құрылтай сайлауында 90 жастағы Сақыпжамал Райымбекқызы дауыс беріп, ел азаматтарын белсенді өмір сүруге шақырды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Естеріңізде болса, жақында ақ жаулықты ана Медеудегі 842 баспалдақты бағындырып, көпшілікті тәнті еткен еді. Өмір бойы еңбекпен шыңдалған кейуананың айтуынша, тауға шығу оның көптен бергі арманы болған.

«Жүрегім де қысылмады, аяқ-қолым да тартылмады. Жоғарыдағы дәмханаға бір-ақ бардым», - дейді Сақыпжамал Райымбекқызы.

Кейуана ұзақ жыл қой бағып, шопан болған. Немерелеріне тауға шыққысы келетінін айтқан соң, балалары арманын орындап, Медеуге алып барған. Осылайша, 90 жастағы ана 842 баспалдақты оңай еңсеріп, Медеудің жоғары бөлігіне дейін көтерілген.

Бүгін ол Құрылтай сайлауына арнайы келіп, таңдау жасады.

«Бүгін Құрылтай сайлауына келіп, дауыс бергеніме қуаныштымын. Мереке құтты болсын! Мен шыққан тауға сендер де шығыңдар!», - деп батасын берді ақ жаулықты ана.

Сайлауға Сақыпжамал Райымбекқызын қызы Нұргүлсім Молдахметова ертіп келген.

«Сайланған депутаттар Қазақстанымызды қорғайтын, қолдайтын ел азаматтары боларына сенеміз», - деді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылтай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);