AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Медеу ауданында оқушы орындарының тапшылығы кезең-...

Медеу ауданында оқушы орындарының тапшылығы кезең-кезеңімен шешілуде

Білім және ғылым 20.04.2026, 11:27 463
Медеу ауданында оқушы орындарының тапшылығы кезең-кезеңімен шешілуде

Алматы қаласының Медеу ауданында оқушы орындарының тапшылығын азайту бағытында жұмыстар жүргізілуде, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Еркебұлан Оразалин айтты.

Соңғы жылдары аудан мектептерінде орын тапшылығы байқалған. Осыған байланысты 2023 жылдан бастап жаңа білім беру нысандарын салу және қолданыстағы мектептерді кеңейту жұмыстары қолға алынды.

Жыл басында №35 мектеп жанынан 300 орындық қосымша ғимараттың құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта №56 мектепте және №17 мектеп-интернатында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Самал-2 ықшамауданында 300 орындық және №30 мектепте 180 орындық қосымша ғимараттардың құрылысы жалғасуда. Аталған жобалардың нәтижесінде 2026 жылдың соңына дейін 780 жаңа оқушы орны ашылады.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында да орын санын арттыру жұмыстары жүргізілуде. №112 балабақшада 290 орынға арналған күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ал «Думан» ықшамауданында 320 орындық жекеменшік балабақшаның құрылысы жалғасуда. Бұдан бөлек, биыл жалпы сыйымдылығы 500 орын болатын 10 жекеменшік балабақша ашу жоспарланған.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар білімге қолжетімділікті арттырып, аудан бойынша орын тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);