AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Медеу ауданында "Халық қатысатын бюджет" жобасы ая...

Медеу ауданында "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында тағы бір аула жаңартылды

Барлығы 15.10.2025, 15:26 532 Сұлу
Медеу ауданында "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында тағы бір аула жаңартылды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Медеу ауданында Қалдаяқов көшесі, 93/95 мекенжайындағы аулада абаттандыру жұмысы аяқталды. Енді бұл тұрғындарға серуендеп, ойнап және отбасымен демалуға қолайлы заманауи аумақ. Биыл бұл бағдарлама аясында Медеу ауданында барлығы 46 аула жаңартылды.

Жұмыс "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында жүзеге асты. Бұл бастама қала тұрғындарына аудандарындағы абаттандырудың басым бағыттарын өздері айқындауға мүмкіндік береді.

Жаңарған аулада автоматты суару жүйесі орнатылып, берік резеңке жабын мен жаңа көгал төселді, тас төсеуіштер ауыстырылды. Ескі нысандардың орнына балаларға арналған кешен, әткеншек, воркаут және көше тренажерлары сынды заманауи ойын және спорт алаңдары салынды. Футбол алаңының қоршауы жаңартылып, жарық шамдары мен тіректер орнатылды, ағаштың бұтақтары санитарлық мақсатта кесілді. Сонымен қатар демалуға арналған күрке мен әткеншектер де жөнделіп, жаңарды.

Тұрғындардың айтуынша, аула аудан тұрғындарының сүйікті орнына айналған.

"Біздің аула танымастай өзгерді. Барлығы заманауи әрі әдемі. Балалар таңнан кешке дейін алаңда ойнайды, ересектер демалуға арналған күрке маңында жиналады, кешке жарық әрі жайлы серуендеуге болады", – дейді қала тұрғыны Анджела Чекмарева.

Медеу ауданының әкімдігі аулаларды көріктендіру жұмыстары жалғасатынын айтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #аудан #Медеу ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);