AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Медеу ауданында 25 мыңнан астам тұрғын орталық су...

Медеу ауданында 25 мыңнан астам тұрғын орталық су және кәріз жүйесіне қосылады

Барлығы 12.11.2025, 14:04 670
Медеу ауданында 25 мыңнан астам тұрғын орталық су және кәріз жүйесіне қосылады
Алматы әкімдігі

Алматының Медеу ауданында тұрғындарды сапалы ауыз сумен және орталық кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп отыр. Бұл туралы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде хабарлады.

Бұл жұмыс 2023 жылы басталған болатын. Сол кезде ауданның жоғарғы бөлігінде жер асты суының деңгейі 2,5 есеге төмендеп, 150 текше метрден 60 текше метрге дейін азайған еді. Осыған байланысты ұзындығы 73 шақырым болатын жаңа инженерлік желілер салынып, соның 35 мыңнан астам тұрғын алғаш рет орталықтандырылған су және кәріз жүйесіне қол жеткізді.

2025 жылы бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы 118 шақырым болатын желілердің құрылысы «Таулы Қырат», «Каменск үстірті», «Кіші станица», «Атырау», «Алатау» және «Мұзтау» шағынаудандарында қолға алынған. Жыл соңына дейін «Алатау» және «Мұзтау» шағынаудандарындағы жұмыс толық аяқталады, ал қалғаны 2026 жылы іске асырылады. Соның нәтижесінде 25 мыңнан астам тұрғын ауыз су мен кәріз жүйесіне тұрақты қол жеткізеді.

Еркебұлан Оразалин инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша кешенді жұмыс ауданның барлық бөлігінде тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Медеу ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);