AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Медеу ауданы аулаларды абаттандыруды жалғастырып ж...

Медеу ауданы аулаларды абаттандыруды жалғастырып жатыр

Әлеумет 16.07.2025, 14:26 897
Медеу ауданы аулаларды абаттандыруды жалғастырып жатыр
Алматы қаласы әкімдігі

Достық көшесі - 109 мекенжайындағы бұл аула биыл жөнделетін 60 ауланың тізіміне кірген. Аудан әкімдігі мен Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған пресс-тур кезінде журналистер осындағы жөндеу жұмысымен танысты.

Медеу ауданында 536 аула бар, оның 414-і мемлекеттік тұрғын үй қорына жатады. Солардың арасындағы ең көбірек тозғанына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Жұмыс мамыр айында басталған. Жоба аясында балалар мен спорт алаңы салынып, жарық қойылып, көгалдандыру жағы қолға алынып, демалу үшін қолайлы аймақтар жасала бастады. Барлық жұмысты күздің соңына дейін аяқтамақ ойда. Жобаға 2,6 миллиард теңге бөлінген.

Сонымен қатар, аудан бойынша «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 34 жоба жүзеге асып жатыр. 650-ден астам тұрғынның ұсынысы қаралып, осы мақсатқа 2 миллиард теңге бөлініпті. 2025 жылдың мамырынан қыркүйек айына дейін бағдарлама бойынша 22 ауланы жөндеп шықпақ. 


«Аудан аумағында аулаларды күрделі жөндеу мен ағымдағы жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. ХҚБ аясында 22 аула жаңартылды. Оның ішінде жабындарды ауыстыру, сыртқы жарықтандыру мен кіші архитектуралық нысандарды орнату бар», - деді Медеу ауданы әкімінің орынбасары Азат Кәкетаев.

Әкімдіктегілер атап өткендей, 2023 жылы 80 аулада ағымдағы жөндеу жұмыс жүргізіліп, ХҚБ бағдарламасы бойынша 27 ауланы абаттандырып шыққан. 2024 жылы 13 ауланы жөндеп, 46 аулаға ХҚБ бағдарламасы бойынша абаттандыру жұмысы жүргізілді. 2026 жылға дейін тағы 31 ауланы күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.

Медеу ауданында аула аумақтарын жаңарту жұмыстарын тұрғындардың пікірін ескере отырып қолға алып жатыр. Мұндай жобалар ауданның көкке оранып, қолайлы жерге айналуына сеп болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Медеу #аулалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);