AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Кітап - көңіл кілті / Mecenat.kz әдеби сыйлығының жеңімпазы марапатталды

Mecenat.kz әдеби сыйлығының жеңімпазы марапатталды

Кітап - көңіл кілті 13.05.2026, 16:59 461
Mecenat.kz әдеби сыйлығының жеңімпазы марапатталды
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Mecenat.kz әдеби сыйлығының бесінші маусым бойынша жеңімпазын марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан туралы үздік роман үшін берілетін жыл сайынғы әдеби байқауға биыл 33 өтінім берілді. Бесінші маусым қорытындысы бойынша Есболат Айдабосын «Бүкір» романы үшін жеңімпаз атанды.

«Бүкір» романы – жылқы тағдыры арқылы адам қадірі, әлеуметтік теңсіздік, ар-намыс пен рухани ізденіс тақырыптарын арқау еткен шығарма.

Жеңімпазға қазақстандық «Freedom Life» өмірді сақтандыру компаниясынан төлем жасалған күнгі бағамы бойынша өмір бойы ай сайын 500 доллар ерікті аннуитеттік сақтандыру полисі табысталды.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рустам Әли, сыйлық меценаты, Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов, жоба негізін қалаушы Ерлан Асқарбеков, байқауға қатысушылар, оқырмандар және өзге де қонақтар қатысты.

Салтанатты рәсім аясында көпшілікке 5-ші және 6-ші маусымдағы жаңашылдықтар таныстырылды, байқаудың қазіргі маусымы туралы деректі фильм көрсетілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Роман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);