AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Мбаппе медициналық тексеру өтеді

Мбаппе медициналық тексеру өтеді

Спорт 25.09.2024, 11:06 1,123
Мбаппе медициналық тексеру өтеді
Сурет видео скрині
 

Француз шабуылшысы Килиан Мбаппенің голдық сериясы мадридтік "Реал" сапында бес ойынға жетті. Жалпы, жаңа клубы үшін ол жеті гол салып, бір нәтижелі паспен көзге түсті.

Кезекті рет француз шабуылшысы 25 қыркүйекке қараған түні "Алавеске" қарсы өткен Ла Лиганың 7-ші туры аясындағы матчта гол соғып, өзінің шеберлігін тағы да көрсетті. Бұл жолы ол жұлдызды серіктесі, ағылшын ойыншысы Джуд Беллингемнің дәл пасын сәтті пайдаланды.

Осылайша, Мбаппе Испания чемпионатындағы қатарынан бесінші ойында гол соғып, үздік сұрмергендер тізімінде екінші орынға жайғасты. Оны тек "Барселона" шабуылшысы Роберт Левандовски ғана басып озды, оның есебінде алты гол бар. "Алавеске" қарсы матч Мбаппенің "Реал" сапындағы тоғызыншы ойыны болды, осы уақыт ішінде ол 7+1 нәтижелік көрсеткішке ие. Соңғы жеңісті матчта Килиан денсаулығына байланысты 80-минутта ауыстырылды, ол алдағы күндері медициналық тексеру өтеді.

Килиан Мбаппе өзінің алғашқы Ла Лигадағы голдарын 1 қыркүйекте "Бетис" қақпасына екі рет соғып, (2:0) клубқа жеңіс сыйлаған еді.

Айта кетейік, атақты француз шабуылшысы жаңа клубында алғашқы ойынын 14 тамызда өткізіп, бірден алғашқы жүлдесін - УЕФА Суперкубогын иеленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Килиан Мбаппе #футбол #Ла Лига
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);