AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мәжілісте депутат онлайн сауданың экологияға әсері...

Мәжілісте депутат онлайн сауданың экологияға әсерін көтерді

Әлеумет 18.03.2026, 15:22 526
Мәжілісте депутат онлайн сауданың экологияға әсерін көтерді
Сурет: kaz-waste.kz

Мархабат Жайымбетов онлайн сауданың қарқынды дамуы еліміздегі экологиялық ахуалға кері әсер етіп отырғанын мәлімдеді. Ол бұл туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов атына жолдаған депутаттық сауалында атап өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Депутаттың айтуынша, соңғы жылдары электрондық сауда экономиканың маңызды бөлігіне айналып, халық үшін қолайлы қызмет түрі ретінде кеңінен таралған. Алайда бұл үдеріс қоршаған ортаға қосымша жүктеме түсіріп отыр.

Атап айтқанда, тауарларды жеткізу барысында пластик, пленка және картон секілді бір реттік қаптамалардың шамадан тыс қолданылуы тұрмыстық қалдықтардың көлемін арттыруда. Соның салдарынан қоқыс полигондарына түсетін жүктеме жыл сайын көбейіп келеді.

Сонымен қатар, жеткізу қызметтерінің көбеюі көлік қозғалысын арттырып, көмірқышқыл газының бөлінуіне әсер етуде. Әлемдік зерттеулерге сәйкес, жүк тасымалы жалпы шығарындылардың елеулі бөлігін құрайды.

Депутаттық сауалда келтірілген деректерге сүйенсек, елімізде жыл сайын 4,5–5 миллион тоннадан астам коммуналдық қалдық түзіледі. Ал қайта өңдеу деңгейі 2025 жылы шамамен 28 пайызды ғана құраған. Бұл көрсеткіш қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру қажеттігін көрсетеді.

AMANAT партиясы өкілі экологиялық жағдайды жақсарту үшін бірқатар нақты ұсыныстарды алға тартты. Атап айтқанда, электрондық саудада бір реттік қаптаманы қысқарту, қайта пайдаланылатын экологиялық қаптамаларды енгізу, ірі платформалар үшін қалдықтарды қайта өңдеуге қатысты жауапкершілікті күшейту ұсынылды.

Сондай-ақ, ірі қалаларда көп рет қолданылатын қаптама жүйесін енгізу және қалдықтарды сұрыптау инфрақұрылымын дамыту мәселесі де көтерілді.

Мархабат Жайымбетов табиғатты қорғау тек мемлекеттің ғана емес, бизнес пен қоғамның да ортақ міндеті екенін атап өтті. Оның пікірінше, электрондық сауданың дамуы экологиялық жауапкершілікпен қатар жүруі тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәжіліс #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);