Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мәулен Әшімбаев: Басты міндет – балалардың құқығын...

Мәулен Әшімбаев: Басты міндет – балалардың құқығын қорғайтын сапалы заң қабылдау

Әлеумет 11.04.2022, 12:58 1,485
Мәулен Әшімбаев: Басты міндет – балалардың құқығын қорғайтын сапалы заң қабылдау
inform.kz

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев кибербуллингке қарсы заң жобасын әзірлеуде қоғамның пікірін елеусіз қалдыруға болмайтынын атап өтті. Бұл туралы ол палата бюросының отырысында айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Бюро мүшелері алдағы 14 сәуірде өтетін отырыстың күн тәртібін бекітті.


Сенаттың кезекті отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарайтын болады.


Бұл құжат балаларды оларға қатысты кез келген зорлық-зомбылықтан, оның ішінде отбасылық қатынастар, білім беру және ақпарат салалары бойынша қорғау тетіктерін жақсартуға арналған.



«Балаларды буллингтен және кибербуллингтен қорғау - маңызды міндеттердің бірі. Бұл заң жобасының кейбір нормалары қоғамда қызу талқыланғанын жақсы білемін. Кез келген заң жобасын талқылау кезінде халықтың осындай белсенділігі үлкен маңызға ие. Қазіргі таңда сенаторлар ұсынылған нормаларды мұқият зерттеп, барлық пікірді ескеріп, жұмыс істеп жатыр. Басты міндет – балалардың құқығын қорғайтын сапалы заң қабылдау. Бұл ретте қоғамның пікірін елеусіз қалдыруға болмайтыны сөзсіз. Өйткені заң жобасы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына қайшы келмеуі керек», – деді Мәулен Әшімбаев.



Сонымен қатар бейсенбіде өтетін жиын барысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің көктемгі су тасқыны бойынша еліміздегі ахуал туралы баяндамасы тыңдалады.


Айта кетейік, өткен аптада сенатор Сергей Ершов осы тақырыпқа байланысты депутаттық сауал жолдап, еліміздегі гидротехникалық нысандардың жартысына жуығы апаттық жағдайда тұрғанына назар аударған еді. Осыған орай Сенат спикерінің бастамасымен алдағы отырысқа Төтенше жағдайлар министрін шақыру жөнінде шешім қабылданды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар #қоғам #заңжобасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.