Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Масс-медиа туралы» заң жобасының тұжырымдамасы әз...

«Масс-медиа туралы» заң жобасының тұжырымдамасы әзірленді

Әлеумет 09.01.2023, 06:40 898
«Масс-медиа туралы» заң жобасының тұжырымдамасы әзірленді
Сурет: Inbusiness.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Масс-медиа туралы» заң жобасының тұжырымдамасын әзірледі.


Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, телерадио хабарларын тарату субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін және Конституцияға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары бостандығының мемлекеттік кепілдіктерін белгілейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Құжатта атап өтілгендей, сөз, шығармашылық, өз көзқарастары мен сенімдерін баспа және өзге де нысанда білдіру, ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен алу және тарату бостандығына ҚР Конституциясы кепілдік береді.


Цензураға тыйым салынады.


Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар, масс-медиа әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделерін қозғайтын құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысуға мүмкіндік беруге міндетті.


Бұл ретте бұқаралық ақпарат құралдары терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жәрдемдесуге міндетті.


Бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі принциптері:



  • ақпаратты еркін алу және заңдарда тыйым салынбаған кез келген тәсілмен тарату құқықтарының конституциялық кепілдіктерін, сөз және шығармашылық бостандығын қамтамасыз ету;

  • жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің ақпараттық егемендігі мен ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • жеке және заңды тұлғалар құқықтарының теңдігі;

  • таратылатын ақпараттың заңдылығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету;

  • объективтілікті қамтамасыз ету;

  • бұқаралық ақпарат құралдарының, жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

  • бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуде көрінетін адал бәсекелестік;

  • Қазақстан аумағында телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық стандарттар негізінде телерадио хабарларын тарату саласындағы қауіпсіздікті, сенімділікті және сапаны қамтамасыз ету;

  • отандық теле-радиоарналарды дамыту, отандық теле- радиобағдарламаларды шығару және тарату үшін жағдайлар жасау;

  • бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызметтің жариялылығы мен ашықтығы.

  • кәсіби және этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау;

  • азаматтың жеке өмірін, ар-намысын, қадір-қасиетін құрметтеу;

  • ақпаратқа тең қол жеткізуді қамтамасыз ету;

  • отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру;

  • қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.


АҚДМ түсіндіргендей, қолданыстағы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң түбегейлі ескірген, қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне сәйкес келмейді және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастардың қазіргі заманғы талаптарын толық қанағаттандырмайды. Сондықтан сөз бостандығы құқығын нығайтуға және қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ бұл құқықты, ең алдымен, ғаламтор желісінің қазақстандық сегментінде шектеу шарттарын қамтитын мемлекеттің жаңа қағидаттары мен кепілдіктеріне негізделген заң қабылдау қажет.


Осылайша, сөз бостандығы, пікір плюрализмі мен мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, халықтың денсаулығы мен имандылығын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті шектеулер арасындағы тепе-теңдікті белгілейтін түбегейлі жаңа схеманы бекіту ұсынылады.


АҚДМ атап өткендей, негізгі реформалар журналистердің құқықтық мәртебесін арттыруға және олар үшін құқықтық кепілдіктерді күшейтуге бағытталады.


Заң жобасы мен тұжырымдамасы 27 қаңтарға дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#масс-медиа #заң #тұжырымдама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.