ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Мәсімов жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейд...

Мәсімов жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді

Заң мен тəртіп 16.06.2023, 12:38 1,246
Мәсімов жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді
Сурет: Inbusiness.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің жазасын өтеу мекемесі жоғары қауіптіліктен орташаға ауыстырылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің жазасын өтеу мекемесі жоғары қауіптіліктен орташаға ауыстырылды.


2023 жылғы 16 маусымда Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сатысы К. Мәсімов, А. Садықұлов, Д. Ерғожин, М. Осипов және олардың қорғаушыларының шағымдары бойынша «өте құпия» деген белгімен қылмыстық істі қайта қарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 24 сәуірдегі үкімімен К. Мәсімов пен А.Садықұлов Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 18 және 16 жылға бас бостандығынан айырылды.


Ерғожин Д. Қылмыстық кодекстің 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.


Осипов М. Қылмыстық кодекстің 362-бабының 3-бөлігі бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.


Апелляциялық саты К.Мәсімовке, А. Садықұловқа және Д. Ерғожинге қатысты соттың бірінші сатыдағы «жазасын қауіпсіздігі ең жоғары мекемеде өтеу» үкімін «орташа қауіпсіздіктегі мекемеде жазасын өтеу» үкіміне өзгертті.


Қылмыстық кодекстің 6-бабына сәйкес, сотталғандардың жағдайын жақсартатын заң кері күшке ие және соттардың қолдануы үшін міндетті.


2023 жылғы 21 мамырда күшіне енген Қылмыстық кодекстің 46-бабына заң шығарушы енгізген өзгерістерге сәйкес бұрын бас бостандығынан айыруды өтемеген, қасақана қылмыс жасағаны үшін 2 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылған адамдарға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде тағайындалады (бас бостандығынан айыруға қарамастан).


Қалған бөлігінде үкім өзгеріссіз қалады. Үкім заңды күшіне енді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.