конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Машина жасау саласындағы 3 міндет

Машина жасау саласындағы 3 міндет

Әлеумет 01.08.2023, 05:15 1,046
Машина жасау саласындағы 3 міндет
Сурет: ашық дереккөз

 Өткен жылы елімізде құрастырылған 103 мың жаңа автомобиль сатылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Автомобиль жасау саласына келетін болсақ, 2022 жылдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта 150 мың автомобиль сатылды. Оның 103 мың бірлігін отандық компаниялар жасап шығарған болатын. Биыл автомобиль өндірушілеріне қатысты саясатты қайта қарау тұрғысынан маңызды саналады. Бұл секторда біздің алдымызда 3 міндет тұр. Бірінші - шығарылатын автомобильдер қатарын кеңейту. Қазіргі таңда екі автомобиль зауытының құрылысы жүріп жатыр», - деді ол.



Министрдің айтуынша, екінші - шағын торапты құрастыруды дамыту. Ол үшін автокөлік өндірушілеріне көлік құралдарын оқшаулау және шағын торапты құрастыруға көшу үшін талаптарды күшейту бойынша іс-шаралар қабылданып жатыр. Үшінші - компоненттік базаны құру. Бүгінгі күні доңғалақ дискілерін, аккумуляторларды шығаратын кәсіпорындар жұмыс істейді. Оларды отандық автомобильдерге орнату үшін омологация процесі өткізілуде.



«Оқшаулау деңгейін тереңдету аясында автомобиль орындықтарын, мультимедиялық жүйені, қаптамаларды, шашыратқыштар мен шиналар сияқты автокомпоненттік базаны дамыту жоспарлануда. Ол үшін тиісті өндіріс орындарының құрылысы басталды», - деді Марат Қарабаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#машина #зауыт #Міндет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);