ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Мас күйінде көлік жүргізген әкім қамауға алынды

Мас күйінде көлік жүргізген әкім қамауға алынды

Заң мен тəртіп 05.02.2024, 06:08 1,008
Мас күйінде көлік жүргізген әкім қамауға алынды
Сурет: ашық дереккөз
Бұқар жырау ауданы, Мұстафин атындағы ауылының әкімі Қайрат Құсайынов көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды.

Бұқар жырау ауданы, Мұстафин атындағы ауылының әкімі Қайрат Құсайынов көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды.


Оқиға 3 ақпанға қараған түні ауылішілік жолдардың бірінде болған. Ер адамнан алкогольдің иісін сезген полицейлер оны сараптамаға жіберген. Нәтижесінде орташа дәрежедегі мас болу фактісі анықталған, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Әкімшілік сот әкімді жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырып, 15 тәулікке қамауға алды.


Бір қызығы, бұған дейін де Қайрат Құсайынов мас күйінде көлікті жүргізіп бара жатқан жерінен ұсталған болатын. Бұл оқиға 2018 жылдың 25 тамызында орын алған еді. Сөйтіп, үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын. Одан кейін Қайрат Құсайынов сол Бұқар жырау ауданына қарасты Қушоқы ауылының әкімі болды.


Бірақ араға екі жыл салып, құқығынан айырылған әкім қайтадан полицейлердің қолына түсті. Бұл жолы оның қолында көлік жүргізу куәлігі жоқ болатын.


Әкім мемлекеттік қызметшілердің Әдеп жөніндегі кеңесіне шақырылды. Кеңес кезінде Қайрат Құсайынов өзін генералдың тапсырмасын орындайтын жауынгерге теңеді. Кез келген уақытта берілген тапсырманы бұлжытпай орындауға даяр екенін айтып ақталды. Ел-ішіндегі коронавирустық жағдайға байланысты әкім қызметтік көлікпен ауданды аралап, халыққа көмек жасап жүргенін алға тартты. Сол кезде ел ішіндегі жағдайды ескерген билік органдары әкімге ескерту берумен шектелген еді. Ал енді бұл жолы Қайрат Құсайыновтың мемлекеттік қызметкер ретіндегі тағдыры түрмеден жазасын өтеп шыққан соң белгілі болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,297 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.