ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құты...

Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады

Заң мен тəртіп 13.12.2024, 18:54 843
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Polisia.kz
Алматы облысында мас күйінде көлік басқарудың қайталанған 47 фактісі анықталып, заң бұзушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматы облысында мас күйінде көлік басқарудың қайталанған 47 фактісі анықталып, заң бұзушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz


Жыл басынан бері облыс бойынша алкогольдік және есірткілік мас күйде көлік басқарғаны үшін 768 адам әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл санның ішінде мас күйінде рульге қайта отырған 47 жүргізуші ерекше назарға ілінді.

Патрульдік полиция мұндай бұзушыларды анықтау үшін үнемі рейдтік шаралар ұйымдастырып келеді. Бұл жұмыстардың басты мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қайталанатын құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Осындай бұзушылықтардың бірі Еңбекшіқазақ ауданында тіркелді. 35 жастағы ер адам 2023 жылы қазан айында сот шешімімен өмір бойы жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, қайтадан рульге отырған. Патрульдік полиция оны ұстап, сараптама нәтижесінде есірткі қолданғанын анықтады. Соттың шешімі бойынша, тәртіп бұзушы екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Өңірде құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін арнайы бақылау шаралары күшейтілді. Бұрын мас күйінде көлік басқарған жүргізушілердің тізімі патрульдік полицияның ерекше бақылауына берілген. "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы арқылы мас жүргізушілер мен жасырын есірткі тұтынушыларды анықтау жұмыстары жалғасуда.

Полицейлер рульде отырған әр азаматты өз қауіпсіздігі мен айналасындағылардың амандығына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Мұндай заң бұзушылықтар тек құқықтық жазаны ғана емес, сонымен бірге қайғылы оқиғаларды да тудыратынын ескеру қажет. Жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – барлығымыздың ортақ міндетіміз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.