ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Маржықпаев спорт федерацияларына ескерту жасады

Маржықпаев спорт федерацияларына ескерту жасады

Спорт 01.11.2023, 13:32 1,182
Маржықпаев спорт федерацияларына ескерту жасады
Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Министр спортшыларды дайындау үшін маман тартуды тапсырды.

Министр спортшыларды дайындау үшін маман тартуды тапсырды.


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Туризм және спорт министрлігі Азия ойындарының қорытындысы бойынша федерациялардың есебін тыңдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл жолы ескек есу, жеңіл атлетика және садақ ату федерацияларының басшылығы баяндама жасады. Спорт функционерлері құраманың Азия ойындарындағы жарыстарға тоқталып, қалыптасқан жағдай туралы баяндады.


Ханчжоудағы Азия ойындарында академиялық ескек есу бойынша Қазақстан құрамасы жүлдегерлер қатарынан көріне алмаса да, байдарка мен каноэде ескек есу бойынша 1 алтын, 4 күміс және 3 қола жүлдені жеңіп алды.


Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев академиялық ескек есу бойынша ұлттық құраманың Азиададағы нәтижесіне көңілі томайтынын жеткізді. Өйткені, Азия ойындарының қарсаңында ескек есушілерге зор сенім артылып, ел қоржынына алтын жүлде салады деп күтілген еді. Сондай-ақ, министр спортшылардың функционалдық және дене даярлығы әлсіз екенін айтып, құраманың ішкі тәртібін сақтамағандарға ескерту жасады.


Екінші болып жеңіл атлетика федерациясының өкілдері баяндама жасады. Биылғы Азия ойындарында жеңіл атлеттер төрт қола жүлдеге ие болып, жалпыкомандалық есепте 16-орынға тұрақтады. Осыдан 4 жыл бұрын Индонезияның Жакарта қаласында өткен сары құрлық додасында отандастарымыз 8-орыннан көрінген еді.


Париждегі төрт жылдықтың басты додасына небәрі 8 ай қалды. Қазіргі таңда бізге нақты жоспар мен ынтымақтастықта жұмыс істеу қажет. Федерацияларға ұлттық құраманың резервін қалыптастыру жөнінде жұмысты күшейтуді тапсырамын. Бас жаттықтырушылармен бірлесіп Париж Олимпиадасына дейін команда көшбасшыларын жеке даярлаудың жоспарын дайындау керек, – деп атап өтті ведомство басшысы.


Жеңіл атлеттерден кейін садақ ату өкілдері есеп берді. Федерация басшылығы өздеріне алған міндеттемелеріне қарамастан, мергендеріміз бірде-бір бағдарлама бойынша жүлделі орындардан көріне алған жоқ.


Жиын қорытындысында министр садақ ату федерациясының Азиядадағы жарысына қанағаттанарлықсыз деген баға берді. Ескек есу және садақ ату спорты бойынша Азиадада жүлделі орындарға ие болу жоспары орындалған жоқ. Ал жеңіл атлеттердің нәтижелерін әлі де жақстарту қажет. Ермек Маржықпаев өткен жарыстардың нәтижелеріне терең талдау жүргізуді және спортшыларды алдағы Париж Олимпиадасына тыңғылықты дайындау үшін мамандарды тарту мәселесін пысықтауды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.