Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Марафон Жас Динамо» - «RÝH - MARAFON»

«Марафон Жас Динамо» - «RÝH - MARAFON»

Әлеумет 05.06.2023, 10:31 948
«Марафон Жас Динамо» - «RÝH - MARAFON»
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы, Алматы қаласының полиция департаменті қолдауымен, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры және «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамы ұйымдастыруымен, «Динамо» стадионында балаларды қорғау күніне және нашақорлықпен күрес айлығына арналған Алматы қаласының демалыс орталықтарының тәрбиеленушілері мен «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамының балалары арасында «Марафон Жас Динамо» - «RÝH - MARAFON» спорттық ойын-сауық мерекесі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Бұл спартакиаданың негізгі мақсаты - демалыс орталықтарының жасөспірімдері мен жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, сондай-ақ мықты спортшылар мен командаларды анықтау.



 Шара салтанатты шерумен басталды, оған барлық қонақтар мен спортшылар қатысты. Ауқымды іс-шара бірнеше бөлімнен тұрды: концерттік бағдарлама, жүгіру турнирі, спорттың әртүрлі түрлері бойынша шеберлік сыныптары аймағы, мысалы: эстафета, дартс, АКМ құрастыру-бөлшектеу, арқан тартыс, асық ойыны және т.б.


 Жарыс басталмас бұрын қатысушыларға ережелер түсіндіріліп, командаларға бөлінді. Әр топ 600 және 800 метрге жүгірді. Жеңіл атлетиканың кәсіби төрешілері әрбір қатысушының жарыс уақытын жазып, қорытындылау хаттамасына енгізді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктар, медальдар, мақтау қағаздары және сыйлықтармен марапатталды. Жарыс таза ауада санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып өткізілді.


 Спартакиаданың ашылуының басты ерекшелігі спартакиадаға қатысушыларды қолдаған «DIEGO» тотемдік аң барысы болды. Ол спортшыларды қиындықтарды жеңуге және алға қойған мақсаттарына жетуге жігерлендіретін күш пен жеңіске деген ұмтылыстың символына айналды.


 Балаларды қорғау күніне орай жас спортшыларға «Tas group» ұсынған балмұздақ ұсынылды.


 «Біз салауатты өмір салты үшін» ұранымен: шағын футбол, боулинг, үстел теннисі және стритбол сияқты спорт түрлерінен спартакиада аясындағы барлық турнирлер маусым айының соңына дейін кезең-кезеңімен, нашақорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес айлығы аясында өткізілетін болады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#RÝH - MARAFON #Жас Динамо #марафон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.