ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Maqsut Narikbayev University Студенттік Ассамблеяс...

Maqsut Narikbayev University Студенттік Ассамблеясы  жаңа Конституцияны қолдайды

Алматы Кеше 17:27 89
Maqsut Narikbayev University Студенттік Ассамблеясы   жаңа Конституцияны қолдайды
Maqsut Narikbayev University
13 ақпанда Maqsut Narikbayev University қабырғасында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері мен оқу орны базасында құрылған...

13 ақпанда Maqsut Narikbayev University қабырғасында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері мен оқу орны базасында құрылған Студенттер Ассамблеясы мүшелерінің кездесуі өтті.

Кездесуге қатысушылардың алдында «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев     сөз сөйледі. Ол Конституция халықтың түпкілікті мүдделерінің көрінісі екенін, ал жүргізіліп жатқан ауқымды реформалардың қоғамның барлық мүшелері үшін, әсіресе, жастар үшін тарихи маңызы бар екенін атап өтті.

Сонымен қатар, спикер «Ассамблея жастары» ұйымы Конституция жобасын кеңінен қолдайтынына назар аударды, себебі Конституция табысты мемлекеттің іргетасы, онда адамның өмірі негізгі құндылық болғандықтан, Қазақстан жастары үшін бұл үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.

Кездесуге қатысушылардың алдында елордалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Шерзод Пулатов сөз сөйледі. Ол мәдениет, ғылым және білім құндылықтарының маңыздылығына тоқталды, бұл қағидаттардың басымдығы адами капиталды дамытудың жаңа кезеңі екенін, сондай-ақ жас таланттарды қолдаудың маңызды шаралары туралы айтып берді.

Іс-шара барысында қатысушылар жаңа Конституцияға қолдау білдіріп, құжаттың қазіргі және болашақ ұрпақтың сенімді дамуына негіз болатынын түсіну жастар үшін маңызды екенін атап өтті. Басқа университеттерде де осындай кездесулер өткізудің өзектілігі және жастар қауымдастығына жаңа Конституцияның негізгі ережелерін одан әрі түсіндірудің маңызы атап өтілді.

Іс-шараға Астана қаласының жоғары оқу орындарының студенттік ассамблеяларының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жастары және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,177 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.