Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Маңызды мәселелер талқыланды  

Маңызды мәселелер талқыланды  

Әлеумет 13.06.2024, 13:33 627
Маңызды мәселелер талқыланды  
primeminister.kz

Олжас Бектенов пен Корея Президенті Юн Сок Ёль бірлескен қазақ-корей жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады  
 
Астанада Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектеновпен кездесу өткізді.
 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Президенті Юн Сок Ёльдің келіссөздері барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі іске асыру мәселелері талқыланды. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, өнеркәсіп, энергетика, авиация және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды күшейтуге назар аударылды.

«Қазақстан сауда-экономикалық әріптестікті дамытуда үлкен перспективаларды көріп отыр. Екіжақты ынтымақтастықтың серпінді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық уағдаластықтарды жүзеге асыруға бірден кірісуге дайын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қазақстан энергетика, сирек кездесетін жер металдарын игеру және қайта өңдеу, инфрақұрылым, автомобильдер мен олардың компоненттерін өндіру, су ресурстарын тиімді пайдалану, қаржы және  басқа да перспективалы салаларда бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі.
 
Өңдеу секторын дамыту — Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатындағы Қазақстан Үкіметі жұмысының басым бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда корей компанияларының қазақстандық машина жасауды дамытуға инвестиция салуының жоғары көрсеткішіне қол жеткізілді. 

Елімізде автомобиль кластерлері құрылуда, құрамдас бөлшектер өндірісін ретке келтіру жоспарлануда. Мысалы, Алматыда Hyundai маркалы автомобильдерді шағын тораптық құрастыру, Қостанай облысында KIA бренді автомобильдерінің өндірісі, Семей қаласында Daewoo Bus Global автобустарының бірлескен өндірісі жолға қойылған. Жақын арада кореялық компаниялар Қазақстанда автомобильдерге арналған орындықтар мен мультимедиа шығара бастайды.

Таяуда қол қойылған келісімдерді ескере отырып, кореялық компаниялардың қатысуын одан әрі кеңейту және ірі корпорациялардың өндірісін локализациялау үшін жаңа перспективалар ашылуда.
 
Қазақстанның Оңтүстік Корея технологияларын қолдана отырып, электрокарларға арналған аккумуляторларды өндіруге қызығушылығы бар. Олжас Бектенов автомобиль өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және кореялық тарап еліміздің автомобиль өнеркәсібі үшін қазақстандық кадрлар даярлау ісіне көмектесуге мүдделі екенін атап өтті. 

Сонымен қатар Қазақстан мен Корея басым салаларда технологиялармен алмасуды және жобаларды бірлесіп іске асыруды жандандыруда. Қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және жою саласында қоқыс өңдеу зауытын салу жобасы перспективалы болып отыр.

Металлургия саласында ферроқорытпалар өндірісін жолға қою керек. Геология саласында сирек кездесетін жер металдарын бірлесіп өндіру және қайта өңдеу қажет, сондай-ақ кейіннен өзара тиімді шарттарда Кореяға жеткізілетін жоғары өңделген өнімдерді Қазақстанда шығару саласында ынтымақтастық орнату көзделген. 

Сутегі энергетикасы да ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарының біріне айналуы мүмкін. Өз кезегінде, лифт жабдықтарын өндіруді локализациялау құрылыс нысандарының қауіпсіздігін арттырады. Авиацияда мәдени-гуманитарлық байланыстар мен іскерлік байланыстарды нығайту мақсатында жаңа жолаушылар әуе бағыттарын ашу мәселесі пысықталады. Бұл өткен жылы Қазақстанға келген корейлік туристер санының екі есе артуына байланысты қажет болып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өңдеу секторы #Қазақстан Үкіметі #инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.