AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Маңғыстаулық екі ерікті Алматыға жаяу жетті

Маңғыстаулық екі ерікті Алматыға жаяу жетті

Әлеумет 11.05.2022, 17:00 1,351
Маңғыстаулық екі ерікті Алматыға жаяу жетті
Cурет: Baq.kz

Олардың мақсаты жалғызбасты анаға баспана алып беру


Ақтаудан қайырымдылық жасау үшін жаяу жолға шыққан маңғыстаулық екі азамат Алматыға аман-есен жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.


Ерікті Жалғас Сәдуовтың айтуынша, жолда ешқандай қиындық болмаған. Тек қасындағы жолдасы ауырып қалған. Десе де ұзақ жолды еңсеріп, 39 күнде Алматыға жеткен.



-Ақтаудан доппен шыққан едік. Допты Атырау қаласында қол сөмке мен сағатқа алмастырдық. Орал қаласынан сақинаға ауыстырдық. Ақтөбе қаласында полиция қызметкерлері сақина алмай, қайта қолымызға сағат ұстатты. Сонымен сақина мен сағат қолымызда болды. Аралға келгенде тағы бір тұрғын сақина берді. Одан бөлек есепшотқа ақша жиналды. Ал Алматыға келгенде қымбат құлаққапқа аралдық тұрғынның берген сақинасын ауыстырып алдық, - деді Жалғас Сәдуов. 



Осылайша жаяу жолаушылардың алға қойған мақсаты ойдағыдай орындалды. Қазіргі таңда есепшотқа 4 миллион теңгеден астам қаржы жиналған. Сонымен қатар қолда сақина, сағат, құлаққап бар. Енді қайырымды жолаушылар жаяу Талдықорған қаласына бет алмақ.



-Талдықорғанға барып келгеннен кейін аукцион өткіземіз. Сол арқылы жиналған заттарды сатып, қаржыны біріктіріп, баспана аламыз, - деді Жалғас Сәдуов.



Айта кетейік, маңғыстаулық еріктілер Жалғас пен Жеңіс 1 сәуір күні Алматыға жаяу жолға шыққан болатын. Негізгі мақсаты – екі баласы эпилепсиямен ауыратын жалғызбасты анаға баспана алып беру. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қайырымдылық #баспана #Жаяу жүргінші
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);