AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Маңғыстауда өлі табылған итбалықтар саны 700-ден а...

Маңғыстауда өлі табылған итбалықтар саны 700-ден асты

Әлеумет 13.11.2024, 16:19 1,196
Маңғыстауда өлі табылған итбалықтар саны 700-ден асты
Сурет видео скрині

Маңғыстауда өлі табылған итбалықтар саны ресми деректерге сәйкес 700-ден асты, деп хабарлайды жергілікті Lada басылымы. Бұл тек балық инспекциясының есепке алған итбалықтары ғана.

Шын мәнінде олардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін, өйткені ауа райының қолайсыздығына байланысты жағаға әлі де өлі итбалықтар шығуда. Өңірде мұндай ауқымды жануарлардың қырылуы бұрын-соңды тіркелмеген.

Өлу себептері әлі де белгісіз: бұған ластану, вирустар, табиғи катаклизмдер, су астында табиғи газдың бөлінуі ықпал етуі мүмкін. Мысалы, 2022 жылы Дағыстанда 2,5 мың итбалықтың өлі табылу жағдайында негізгі себеп ретінде газдың бөлінуі аталған еді.

Бұл жағдайдың қаншалықты маңызды екенін түсіну үшін Каспий итбалықтарының популяциясы соңғы 100 жылда 90 пайызға қысқарғанын атап өткен жөн. Қазіргі уақытта олардың саны шамамен 300 мың деп есептеледі.

Алайда нақты саны белгісіз. Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER) "Власть" басылымына хабарлауынша, іс жүзінде итбалықтардың саны 100 мыңға дейін азаюы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек бұған дейін  Түпқараған ауданының Баутин аумағында  Итбалықтың қырылуына не болғанын жазған болатынбыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Каспий #итбалық #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);