AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Маңғыстауда Еңбек күніне орай сала үздіктері марап...

Маңғыстауда Еңбек күніне орай сала үздіктері марапатталды

Әлеумет 24.09.2026, 11:02 273
Маңғыстауда Еңбек күніне орай сала үздіктері марапатталды
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Шара барысында грант алып, өз кәсібін ашқан кәсіпкерлердің өнімдері қойылған көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ақтау қаласында «Еңбек – елдің тірегі» атты салтанатты шара өтті. Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, еңбек адамдары мен конкурс жүлдегерлерін құттықтады.

Жиынға еңбек саласының ардагерлері, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері, жас мамандар және конкурс қатысушылары қатысты. Шара барысында грант алып, өз кәсібін ашқан кәсіпкерлердің өнімдері қойылған көрме ұйымдастырылды.

Облыс әкімі өз сөзінде адал еңбектің қоғам дамуындағы маңызына тоқталып, еңбек адамдарының еңбегін дәріптеу мен жастарға өнеге көрсету маңызды екенін атап өтті.

– Еңбек күні – елдің дамуына өз еңбегімен үлес қосып жүрген азаматтарға құрмет көрсететін маңызды мереке. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, еңбекқорлық, іскерлік, жауапкершілік пен білімге ұмтылу – адал азаматқа тән қасиеттер. Бүгін біз өз ісінің шебері атанған еңбек адамдарын, үздік еңбек әулеттерін және әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпорындарды марапаттап отырмыз. Олардың еңбегі кейінгі буынға үлгі болады, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Салтанатты шара барысында «Еңбек жолы» және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурстарының өңірлік кезеңі қорытындыланып, жүлдегерлер марапатталды.

«Еңбек жолы» конкурсы бойынша «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» және «Үздік жас маман» номинацияларының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне марапаттар табысталды.

Ал «Парыз» конкурсы аясында «Экологияға қосқан үлесі үшін», «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт» номинациялары бойынша үздік кәсіпорындар анықталды.

Сонымен қатар еңбек саласында өз ісіне жауапкершілікпен қарап, кәсіби біліктілігімен ерекшеленген бірқатар азаматқа облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Шара соңында еңбек адамдарының қоғамдағы мәртебесін арттыру, еңбек дәстүрлерін дәріптеу және жас ұрпаққа өнеге ету бағытындағы жұмыстардың маңызы атап өтілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мәслихат сайлауының күнтізбелік жоспары бекітілді

Бүгін 17:18

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);