Маңғыстау техникалық колледжінің бас есепшісі бюджет қаражаттарын жымқырғаны үшін бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.
Облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметінде тексеріс жүргізді.
Тексеріс нәтижесінде бас бухгалтердің 243 млн теңге көлемінде іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.
Бұл дерек бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2 тармағымен қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеп тексеру арнайы прокурорлармен жүргізілді.
Маңғыстау аудандық сотының 9 шілдеегі үкімімен колледждің бас есепшісі ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2 тармағымен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 10 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналасу құқығынан айырылды.
Маңғыстау техникалық колледжінің бас есепшісі 243 млн теңге жымқырған
Маңғыстау техникалық колледжінің бас есепшісі бюджет қаражаттарын жымқырғаны үшін бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.Облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық...