AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Маңғыстау облысындағы сарбаз өлімі: кінәлі басшы с...

Маңғыстау облысындағы сарбаз өлімі: кінәлі басшы сотталды

Оқиға 06.04.2026, 08:48 290 Сұлу
Маңғыстау облысындағы сарбаз өлімі: кінәлі басшы сотталды
Ұлттық ұлан

Маңғыстау облысындағы "Үстірт" шекара бекетінде былтыр қазанда мерзімді сарбаз қайтыс болды. Бұл оқиғаға қатысты тергеу аяқталды. Шекара бөлімшесінің бастығы салғырттық үшін кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

"Үстірт" шекара бекетінің бастығына қатысты сот процесі Ақтөбе гарнизонының әскери сотында өтті. Үкім 26 наурыз күні шығарылды.

Іс құжаттарына сәйкес, командирге дизель агрегатынан май ағып тұрғаны және радиатордың бітелуі мүмкін екені жеткізілген. Соған қарамастан, кешкі уақытқа қарамай, ол екі мерзімді әскери қызметшіге жабдықты тазалауды ауызша тапсырған.

Сарбаздардың бірі – қатардағы Еркебұлан Сағындық жанар-жағармай материалдары сақталған қоймаға канистрлермен барған. Ол цистерна үстіне шығып, қақпағын ашып, 20 литрлік ыдысқа бензин құя бастаған. Сол сәтте жанармай буына уланып, есінен танып қалған.

Тергеу дерегінше, ол шамамен 20 минут бойы ес-түссіз жатқан. Оны қызметтестері байқап, алғашқы көмек көрсетуге әрекеттенгенімен, сарбазды аман алып қалу мүмкін болмады. Ол есін жимастан мұнай өнімдерінің буынан уланып қайтыс болған.

Тергеу барысында бекет бастығы жабдықтағы ақауды білгені және мұндай жұмысты қараңғы уақытта жарықсыз жүргізуге болмайтынынан хабардар болғаны анықталған. Бұдан бөлек, қоймада арнайы жанармай құю құрылғысы болмаған, ал қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілмеген.

Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, болған жағдай үшін жауапкершілікті түсінетінін айтты.

Сот 26 жастағы шекара бөлімшесінің бастығын кінәлі деп танып, жазаны ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтеумен екі жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сонымен қатар ол қаза тапқан сарбаздың анасына моральдық өтемақы ретінде 10 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Маңғыстау облысы #сарбаз #өлім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);