ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Мәңгі жасыл Алматы: Қалаға кім қандай ағаш сыйлады...

Мәңгі жасыл Алматы: Қалаға кім қандай ағаш сыйлады?

Мұны білген жөн 13.05.2025, 14:31 786
Мәңгі жасыл Алматы: Қалаға кім қандай ағаш сыйлады?
сурет: ЖИ алынды
Көкке оранған Алматының кейбір ағашы халықаралық достықтың жемісі екенін білесіз бе? Әсіресе сакураларға тоқталсақ, бұл - жапон халқы мен алматылықтардың арасындағы дипломатияның айғағы. Қалада...

Көкке оранған Алматының кейбір ағашы халықаралық достықтың жемісі екенін білесіз бе? Әсіресе сакураларға тоқталсақ, бұл - жапон халқы мен алматылықтардың арасындағы дипломатияның айғағы. Қалада мұндай қанша ағаш бар? Оны Алматыға кім сыйлады? Толығырақ aqshamnews.kz материалында.

Есентай жағасындағы 100 сакура

2019 жылы Есентай өзені бойында сакуралар жайқалып шыға келді. Жапонияның Tokyo Rope International компаниясы Алматыға ерекше сый жасады. Сол жылы компания президенті Сато Казунори бастаған делегация өз қолымен 100 сакура көшетін отырғызды.

Онкология институтындағы сакура бағы

2022 жылы ҚазОРҒЗИ аумағында да сакуралар егілді. Бұл жолы биофармацевтикалық алпауыт – Takeda Kazakhstan демеушілік көрсетті. Сакуралармен қатар 50-ге жуық бұталар егілді: олардың ішінде хост гүлі, арша, вангут спиреясы, қызыл бөріқарақат, раушан, гортензия сияқты сәндік өсімдіктер бар.

Сәтбаев сакурасы

Биыл Ғылым күнінде Ұлттық ғылым академиясының ауласында ерекше символикалық оқиға болды – «Сәтбаев сакурасы» қайта отырғызылды. Бұл ағаштар 1960-жылдары академик Қаныш Сәтбаевқа жапон делегациясы сыйлаған алғашқы сакуралардың тарихи жалғасы. Жаңа отырғызылған түрлер – Kanzan мен Kiku-Shidare – ғылым мен мәдениеттің байланысын білдіретін ескерткіш.

Тұңғыш Президент саябағындағы жапон бағы

2015 жылы Тұңғыш Президент саябағында “Жапон бағы” ашылды. Мұнда сакуралармен бірге жапон үйеңкілері мен қырым қарағайлары отырғызылған. Әр элемент – мұқият таңдалған: тастар, су ағысы, өсімдіктер – бәрі жапон мәдениетінің бір бөлшегі іспетті.

Айта кетейік, алматылықтар да қаланы көгалдандыруға белсенді қатысады. Биылғы көктемгі сенбілікте Алматыда 10 мың түп ағаш отырғызылды. Есентай өзенінің бойына алма мен алмұрттың көпжылдық көшеттері егілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.