ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мамыр айында азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ғ...

Мамыр айында азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға төмендеді 

Әлеумет 03.06.2024, 15:48 652
Мамыр айында азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға төмендеді 
Almaty-akshamy.kz
2024 жылдың мамыр айында 19 түрлі әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға төмендеді. Жалпы, азық-түлік тауарларына дефляция соңғы 4 жылда алғаш рет байқалды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

2024 жылдың мамыр айында 19 түрлі әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға төмендеді. Жалпы, азық-түлік тауарларына дефляция соңғы 4 жылда алғаш рет байқалды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Сенбі күні, 1 маусымда Үкіметтегі кезекті кеңесте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен қазіргі баға жағдайы қаралды.

Осы кеңестерде елдегі апта сайынғы баға индексі егжей-тегжейлі талқыланады. Бағалар өсімі немесе төмендеуіне жасалған талдау арқылы Қазақстанның 20 өңіріндегі 19 түрлі әлеуметтік азық-түлік бағасы қарастырылып, себептері анықталып, қажет болған жағдайда бірден бағаны тұрақтандыру үшін тапсырмалар беріледі. 

Бұл жолы да, сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова елдегі азық-түлік бағасына қатысты апталық нәтижені ұсынды. 10 аймақ минусқа шықты (Абай, СҚО, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстары және Астана), бес аймақ бағаның нөлдік өсімін сақтап қалды (ШҚО, Алматы, Қостанай, Жетісу облыстары және Алматы), тағы бес өңірде (Ақмола, Маңғыстау, БҚО, Ұлытау облыстары және Шымкент) әлеуметтік азық-түлік тауарлары бағасының 0,1%-0,6% өскені тіркелді. 

Апта ішінде қырыққабат бағасы (-7,2%), қарақұмық жармасы (-1,7%), күріш (-0,1%), күнбағыс майы (-0,5%), тауық еті (-0,2%), майлылығы 2,5% сүт (-0,2%), С1 категориялы жұмыртқа (-0,6%) бағасы арзандады. Сонымен қатар картоп, сәбіз, пияз бағасының өсуі жалғасуда. Қазақстанның үш оңтүстік өңірінде айран бағасының тұтастай алғанда 0,3%-ға өскені байқалды. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, аталған өнім бағасын жергілікті ірі өндіруші көтерген. Серік Жұманғарин БҚДА-ға осы нарықтағы бағаның өсуінің негізділігіне талдау жасауды тапсырды.

Сонымен қатар кеңесте биылғы маусым айына арналған көкөніс бағасының индикативті жобасы талқыланды. Бағаны өнімсіз делдалдардың негізсіз көтеру мүмкіндігін болдырмау үшін Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрлігіне БҚДА-мен бірлесе отырып, экономикаға негізделген нарықтық бағаны есептеп, көкөніс бағасына әділ индикативті бағаларды анықтауды тапсырды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.