Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / МӘМС төлемдерін бір жылға алдын ала төлеуге болады

МӘМС төлемдерін бір жылға алдын ала төлеуге болады

Әлеумет 01.09.2022, 04:21 989
МӘМС төлемдерін бір жылға алдын ала төлеуге болады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бүгінде Қазақстанда 3 млн астам адам сақтандырылмаған.


Биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар үшін сақтандырудың жаңа тәртібі қолданысқа енгізіледі. Заңға енген өзгерістерге сәйкес, бұдан былай сақтандыру жүйесіне қосылу үшін алдағы 12 айға жарна төлеуге болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Медициналық сақтандыру қоры Алматы филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Хабарламаға сүйенсек, сақтандырылмаған пациенттер медициналық көмекті пайдалану үшін қыркүйек айынан бастап 2023 жылдың қыркүйегіне дейін жарна аудара алады. Сол арқылы олар алдағы бір жылға өзін-өзі сақтандыру мүмкіндігіне ие болмақ.


Қазіргі таңда өз бетінше төлем жасаушылардың ай сайынғы жарнасы 3000 теңгені құрап отыр.


Филиал басшысы Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, бүгінде Қазақстанда 3 млн астам адам сақтандырылмаған.



«Сақтандырылмаған азаматтар тәуекел тобына жатады. Өйткені олар шұғыл жағдайларды қоспағанда, жоспарлы медициналық көмекті пайдалана алмайды. Аталған өзгерістер осының алдын алу мақсатында және халықтың сұранысы бойынша енгізілген болатын. Нәтижесінде сақтандырылмаған халықтың шамамен 30%-ы жаңа төлем түрін пайдаланады деген болжам жасалып отыр. Сонымен қатар өткен айларға берешегі жоқ азаматтар үшін МӘМС жарнасын ай сайын төлеу құқығы сақталады», - деді Тілеухан Әбілдаев.



Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін сақтандыру пакетіндегі қызметтерді пайдалану үшін дербес төлеушілер өткен 12 айдың жарнасын төлеуге міндеттелген болатын.  


Медициналық көмек сапасына қанағаттанбаған жағдайда азаматтар емхананың пациенттерді қолдау қызметіне жүгіне алады. Егер мәселені сол жерде шешу мүмкін болмаса, МСҚ-ның fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы шағым қалдыруға болады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сақтандыру #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.