AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / МӘМС-тегі маңызды өзгерістер

МӘМС-тегі маңызды өзгерістер

Әлеумет 21.05.2025, 12:58 843
МӘМС-тегі маңызды өзгерістер
almaty-akshamy.kz

 

Құжат Сенатқа жіберіледі.  

Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" екінші оқылымда қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжатты депутат Гүлдара Нұрым таныстырды. 

"Заң жобасы мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіруге бағытталған. Заң жобасы мемлекеттік базалық медициналық көмектің бірыңғай топтамасын қалыптастыруға, жұмыссыз адамдардың және әлеуметтік әл-ауқат деңгейі дағдарысты, мүшкіл адамдардың медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ МӘМС жүйесіне мемлекет жарналарының мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен өзгертуге бағытталған құқықтық нормаларды көздейді", - делінген Мәжіліс таратқан хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, заңсыз медициналық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің азаматтардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіруін болдырмау үшін депутаттар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға тиісті лицензия немесе сертификат болмаған жағдайда медициналық қызмет көрсету саласында анықталған бұзушылықтарға жедел ден қою шараларын қолдану мүмкіндігімен медициналық қызмет көрсету саласындағы қадағалау функциясын беруді ұсынады.

Құжатта көрсетілген негізгі ұсыныстар:

- медициналық көмекке алғашқы жүгінген кезде және әлеуметтік мәні бар аурулардың алдын алу, диагностикалау және оларды емдеу бойынша қызметтер көрсету кезінде медициналық-санитариялық алғашқы көмекті және жекелеген скринингтерді ТМККК топтамасында сақтау;

- жұмыскердің ай сайынғы кірісінің сомасынан МӘМС жүйесіне аударымдарды есептеуге арналған шекті ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен 20 еселенген мөлшеріне дейін және жұмыс берушілердің аударымдары мөлшерінен – ең төмен жалақының 40 еселенген мөлшеріне дейін төмендету.

Бұдан бөлек МӘМС жүйесінің тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында заң жобасында жарналарды үздіксіз төлеген адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығын оларды төлеу тоқтатылған сәттен бастап алты айға дейін сақтау ұсынылады.

Бұдан басқа, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен денсаулық сақтау субъектілерінің қаржылық қызметінің ашықтығын күшейту мақсатында депутаттар:

- МӘМС жүйесіндегі қаржы қаражатының қозғалысы туралы мәліметтерді ресми интернет-ресурстарда міндетті түрде жариялау;

- қызметтерді сатып алу шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде денсаулық сақтау субъектілерінен қаражатты қайтару бойынша нормаларды қабылдады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#МӘМС #өзгеріс #Сенат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);