AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / МӘМС: Алматыда жыл басынан бері 19 мыңнан астам ба...

МӘМС: Алматыда жыл басынан бері 19 мыңнан астам бала дүниеге келді

Барлығы 30.08.2025, 08:40 552 Нұржамал ӘЛІШ
МӘМС: Алматыда жыл басынан бері 19 мыңнан астам бала дүниеге келді
Сурет: Egemen.kz

2025 жылдың бірінші жартысында оңтүстік астанада 19 мыңнан астам бала туылған.

Жүкті әйелдерді босандыруға кеткен 5,4 млрд теңге  толығымен Медициналық сақтандыру қоры тарапынан төленді.
Қордың Алматы қалалық филиалы мәліметінше, босандыруға кететін шығындар толығымен МӘМС қаражаты есебінен жабылады. Ал, босану бағасы оның күрделілік деңгейі мен босандыру әдісіне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, әйел өз бетінше, асқынусыз босанса тарификатор бойынша 100 мың теңге, кесарь тілігімен босанған жағдайда 1,3 млн теңгеге дейін төленуі мүмкін.
Бүгінгі таңда Алматы қаласында 6 перзентхана жұмыс істейді. Олардың бәрі де қалыпты және күрделі жүктілікпен келген әйелдерді босандыруға, сондай-ақ кесарь отасын жасауға маманданған. Жүкті әйелдер МӘМС жүйесінде бұдан басқа мынадай көмек түрлерін пайдалана алады:
* Прегравидті даярлық — жүктілікті алдын-ала жоспарлау, әйелді бала көтергенге дейін тексеріп, емдеп, түрлі дерт салдарынан жүктілік кезінде болатын асқынулардың алдын алу. 2025 жылы бұл бағдарламаға Қор тарапынан 673 млн теңге қарастырылған.
* Антенаталды бақылау — жүктілік кезінде акушер-гинекологтың тұрақты бақылауында болу, жоспарлы анализдерді тапсыру, ультрадыбыстық зерттеуден, скринингтерден өту, салалық мамандар көмегіне жүгіну т.б. қызметтер бар. Бұған Қор 3,8 млрд теңге бөлді. 
* Босандыру – қалыпты босандыру, кесарь тілігімен ота жасау, дәрі-дәрмектермен және қосалқы материалдармен қамтамасыз ету. Оған – 12 млрд теңге қарастырылған. 
* Босанғаннан кейінгі бақылау — алғашқы күндері ана мен балаға көмек.
* Неонатальдық көмек — жас нәрестелерді күту, асқынулар болған жағдайда интенсивті терапия жасау.
Қазақстанда жұмыс істейтін жүкті әйелдерге МӘМС үшін жарнаны жұмыс беруші, жұмыс істемейтіндер үшін мемлекет төлейді. Бала дүниеге келген сәттен бастап 18 жасқа дейін мемлекет тарапынан сақтандырылады.  

«Біздің елімізде барлық әйел сақтандырылған. Олардың әрқайсысы тегін босануға хақылы. Босандыруға кететін шығын қанша болса да МӘМС есебінен төленеді», — деп атап өтті Алматы филиалы директорв Ілияс Мұхамеджан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#МӘМС #Алматы #босандыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);