AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мамандық таңдау – маңызды кезеңдердің бірі

Мамандық таңдау – маңызды кезеңдердің бірі

Әлеумет 14.02.2025, 06:44 1,432
Мамандық таңдау – маңызды кезеңдердің бірі
aqshamnews.kz

Мамандық таңдау – әрбір жас үшін маңызды кезеңдердің бірі. Алайда, ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін бұл процесс белгілі бір қиындықтармен қатар жүреді. Осыған байланысты, оларға бағыт-бағдар беру, ыңғайлы мамандықтарды ұсыну – маңызды міндеттердің бірі.

№2 арнайы мектеп-интернат директорының орынбасары Жанар Құттықадамқызының айтуынша, жыл сайын қаладағы бірнеше колледж оқытушылары арнайы келіп, балаларға кәсіби бағдар береді. Бұл кездесулер барысында олардың мүмкіндіктері ескеріліп, қолайлы мамандықтар туралы толық ақпарат беріледі.

«Ерекше балалар үшін мамандық таңдау оңай емес. Мысалы, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға кейбір мамандықтарды меңгеру қиынға соғуы мүмкін. Сондықтан олар көбінесе Алматы флористика колледжі мен Алматы технология колледжін таңдайды. Бұл оқу орындарында біздің балаларға лайықты мамандықтар көп. Әсіресе, тоқыма, тігіншілік, етікшілік, ІТ саласы секілді кәсіптерге сұраныс жоғары», – дейді Жанар Құттықадамқызы.

Дегенмен, ерекше қажеттіліктері бар түлектердің арасында медицина, педагогика сияқты салаларда да қызмет етіп жүргендері аз емес. Бұл олардың тек белгілі бір шеңберде шектелмей, өз мүмкіндіктерін толықтай жүзеге асыруға талпынатынын көрсетеді.

Қазіргі таңда ерекше балаларға арналған мамандықтар мен олардың еңбек нарығына бейімделуі маңызды тақырыптардың бірі болып отыр. Сондықтан, мұндай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылуы – олардың болашаққа сеніммен қадам басуына үлкен мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ерекше балалар #мамандық #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);