ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мамандар техникалық және кәсіптік білім беруге мем...

Мамандар техникалық және кәсіптік білім беруге мемлекеттік тапсырыс 45 мың орынға артатынын айтты

Әлеумет 06.04.2022, 06:57 1,358
Мамандар техникалық және кәсіптік білім беруге мемлекеттік тапсырыс 45 мың орынға артатынын айтты
Сурет: 5692.com.ua/
125 мың тегін грант бөлінеді.

125 мың тегін грант бөлінеді.


Биыл техникалық және кәсіптік білім беруге мемлекеттік тапсырыс 45 мың орынға артып, 125 мың тегін грант бөлінеді. Бұл туралы ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен 100 пайыз қамту үшін мемлекеттік тапсырысты ұлғайту керек. Осы орайда биыл республикалық бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс 45 мың орынға артады. Сонымен қатар әкімдіктер де мемлекеттік тапсырыс бойынша 80 мың орынды жоспарлап отыр. Жалпы, колледждерде тегін білім алуға 125 мың орын беріледі. Президенттің техникалық және кәсіптік білім беруді қайта қарауға қатысты тапсырмасы баршамызға аян», - деді Насымжан Оспанова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.



Оның айтуынша, 2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырыстың 70 пайызы техникалық мамандықтарға беріледі.



«Қазір ол көрсеткіш 45 пайызды құрайды. Мамандықтарға келсек, металлургия, IT, құрылыс, инженерия, машина жасау тағы сол сияқты. Бүгінгі таңда арнайы комиссиялар өңірлерде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін жасақтауда. Нәтижесінде керек мамандықтар бойынша орын сандарын бекітеді. Биыл 30 сәуірден бастап білім басқармалары мемлекеттік тапсырыс бөлінген мамандықтар туралы ақпаратты ресми сайттарында орналастырады», - дейді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.