Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мамандар Қазақстанда картоп қоры жеткілікті екенін...

Мамандар Қазақстанда картоп қоры жеткілікті екенін айтты

Әлеумет 26.07.2022, 09:55 1,388
Мамандар Қазақстанда картоп қоры жеткілікті екенін айтты
Сурет: History-doc.ru

Осы айдың басынан бері картоптың бағасы 5%-ға төмендеді.


Қазақстанда картоп қоры жеткілікті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ortcom.kz cілтеме жасап.


Министр брифинг барысында әкімдіктердің ақпараты сүйеніп, бүгінгі күні картоп қоры жеткілікті екенін айтты. Оның айтуынща, маусым айынан бастап ерте пісетін картопты жинау басталды. Ерте пісетін картоптың жалпы өнімі бүгінде 270 мың тоннаны құрайды. Тамыздың бірінші жартысында 7,8 мың тонна жинау жоспарланған.


Министрдің сөзіне жүгінсек, ерте пісетін картоп өнімінің жиналуы ішкі нарықты молықтыруға және картоп бағасының тұрақтануына ықпал етті. Осы айдың басынан бері картоптың бағасы 5%-ға төмендеді, 184 тг/кг-нан 179 тг/кг-ға дейін. 



«Картоп бойынша ішкі нарықтың айлық қажеттілігі 153 мың тоннаны құрайды. Қыркүйектен бастап күзгі картопты жинау басталады, оның көлемі 4 млн тоннадан асады, бұл ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етеді және белгілі бір көлемді экспортқа жөнелтуге мүмкіндік береді. Қырыққабат пен сәбіз бойынша да жағдай тұрақты. Яғни, ерте қырыққабат пен сәбіз көлемі күзгі егін жинағанға дейін ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Сонымен қатар тамыздың соңғы онкүндігінен бастап көкөніс өнімдерінің күзгі өнімі нарыққа шығады деп күтілуде», - деді Ербол Қарашөкеев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#картоп #қор #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.