ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / Мамандар онлайн қарыздың талабын күшейтуді көздейд...

Мамандар онлайн қарыздың талабын күшейтуді көздейді

Экономика 10.08.2023, 06:15 1,165
Мамандар онлайн қарыздың талабын күшейтуді көздейді
Сурет: Egemen.kz
Елімізде онлайн несие алу қиындауы мүмкін.

Елімізде онлайн несие алу қиындауы мүмкін.


Бұл - Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ұсынысы. Қашықтан несие рәсімдеу үшін, енді жеке куәліктен бөлек, тағы бірнеше құжаттар талап етілмек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Студент Әлібек Жандаров 3 жыл бұрын алғаш рет онлайн несие алған. Қажет кезде жылдам рәсімделген соң, оның саны да көбейе берген. Бүгінгі күні 2 млн. теңгеден аса берешегі бар. Табысымның тең жартысы несие өтеуге кетеді дейді ол.



«Студентпін, қосымша жұмыс істеймін. Басында 20 мыңнан бастап алдым. Кейін саны 50-100-200-ге дейін кете берді. Тәуелділік кәдімгі. Қит етсе жүгінесің. Табысым 150 мың, соның 80 мыңын кредит төлеймін. Мен сияқтылар өте көп, достарымның басында да осындай проблема», - дейді студент Әлібек Жандаров.



Өткен айда Әлібек сияқты 2,5 млн қазақстандықтың бас-басына кредит ілінді. Олар банктен жалпы соммасы 1,2 трлн теңге қарыз алған. Бұл бұрын соңды болмаған рекордық көрсеткіш.


Халық 130 млрд теңгеге автонесие рәсімдесе, 800 млрд теңге кепілсіз тұтынушылық несие алған. Негізінен Алматы – (380 мың адам) Астана (216 мың адам) қалалары мен Түркістан – (210 мың адам) облысының тұрғындары. Экономистер мұны жақсы үрдіске балап отырған жоқ.


Осыны ескерген мамандар онлайн қарыздың талабын күшейтуді көздейді.


Онлайн несие тіптен оңай, әрі жылдам. Бұқара оның тиімді екенін айтты. Ақша керек кезде, ешқайда бармай-ақ, отырған жеріңізде сайтқа кіріп керекті қаражатты ала аласыз. Бірақ бұл мүмкіндікті алаяқтарда пайдаланып, қызығын көріп жүр. Сондықтан сарапшылар несие беру талаптары күшейтілгенін қолдайды.



«Ендігі ұсыныс, алдымен био сәйкестендіруден өту керек. Оның электронды цифрлық қолтаңбасы болу керек. Әртүрлі фактордан өтіп барып ғана, бұрынғыдай 5-10 минут ғана емес, ол 3-5 күнге дейін артуы мүмкін. Демек, бұл адамдардың несиеге деген психологиялық көз-қарасы өзгереді», - дйді сарапшы Бауыржан Ысқақов. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.