конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Мамандар жыл соңына дейін инфляция 13-15% деңгейін...

Мамандар жыл соңына дейін инфляция 13-15% деңгейінде болатынын айтты

Экономика 12.07.2022, 07:16 1,469
Мамандар жыл соңына дейін инфляция 13-15% деңгейінде болатынын айтты
Сурет: Regnum.ru

Базалық мөлшерлеме 14% деңгейінде сақталып қалды.


Қазақстанның Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов базалық мөшерлеменің неге өзгеріссіз қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Бұл шешім осы жылдың мамыр-маусым айларында жүргізілген болжамдық раундтың қорытындысы негізінде қабылданды. Біз инфляция өсіп, жыл соңына қарай 13-15% деңгейінде қалыптасады деп болжап отырмыз. 2022 жылғы наурыздан бастап геосаяси жағдайдың шиеленісуі және Қазақстанның қаржы нарығына қысымның айтарлықтай күшеюінің аясында Қазақстанда инфляция үдей түскенін ескерген жөн. Ресей Федерациясына қарсы санкцияларға байланысты жаһандық жеткізілім тізбегіндегі проблемалардың шиеленісуі әлемдегі өндіріс құнының қымбаттауына алып келді. Шешім қабылдағанда біз осы факторлардың барлығын ескереміз», - деді ол Ұлттық банк сайтында жарияланған сұхбатта. 



Оның пайымынша, базалық мөлшерлеменің сақталуы инфляцияны бәсеңдетпек. 



«Орта мерзімді кезеңде инфляцияны бәсеңдету мақсатымен инфляциямен күрестің және экономиканың өсуі арасындағы теңгерімді ескере отырып, біз базалық мөлшерлемені 14% деңгейінде сақтап қалдық. Базалық мөлшерлеменің жоғары болуы контрциклдік бюджет саясатымен және сыртқы инфляциялық қысымның әлсіреуімен бірге 2023 жылы инфляцияның 7,5-9,5%-ға дейін баяулауына ықпал етеді», - деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы. 



Бұған дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев базалық мөлшерлеме деңгейін қайтадан қарау керек деген ұстаным айтқан болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инфляция #Қазақстан #банк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мыңдаған шақырымды еңсерді: Канье Уэсттің жанкүйері Алматыға арнайы келді

Бүгін 22:05

Канье Уэсттің Алматыдағы концерті дәл белгіленген уақытта басталды

Бүгін 22:01

«Бұл – баламның арманы еді»: анасы Канье Уэсттің концертіне екі баласын ертіп келді

Бүгін 21:52

«Алматының туризміне оң әсер етеді»: көрермен Канье Уэсттің концертіне баға берді

Бүгін 21:21

Тазабек те Канье Уэсттің концертіне келіп, тазалық сақтауға шақырды

Бүгін 21:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);