Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мамандар жол құрылысындағы битумдардың сапасын жақ...

Мамандар жол құрылысындағы битумдардың сапасын жақсартып жатқанын айтты

Әлеумет 13.06.2022, 06:17 1,084
Мамандар жол құрылысындағы битумдардың сапасын жақсартып жатқанын айтты
Сурет: Maxshops.ru
Модификацияланған битумның тәжірибелік партиясы өндірілді.

Модификацияланған битумның тәжірибелік партиясы өндірілді.


Қазақстандық мамандар жол құрылысындағы битумдардың сапасын арттыру үшін оңтайлы жағдайлар анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



««ҚазжолҒЗИ» АҚ зерттеу нәтижелері бойынша резеңке үгіндісін қоса отырып, гудронның тотығу процесінің оңтайлы шарттары анықталды. Осылайша, асфальтбетон қоспаларын дайындау үшін минералды бөлшектің құрамы таңдалды»,- делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Алынған битумдардың сапасын жақсартуға және температураны төмендетуге, сондай-ақ уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретін технология гудронның тотығу процесінің қолайлы шарты болып табылады.


Тәжірибелі учаске Алматы қаласының автомобиль жолында орналасқан. Өткен жылдың қараша айынан бастап «Асфальтбетон-1» ЖШС зауытында гудронды тотықтыру және оның негізінде резеңке үгіндісі мен асфальтбетон қосу арқылы дайындалған модификацияланған битумның тәжірибелік партиясы өндірілді. Бүгінгі таңда Б типті асфальтбетон қоспасының 123 т. тәжірибелі партиясы шығарылды.


Зертханалық зерттеу барысында тотыққан әрі модификацияланған битум негізінде асфальтбетон қоспасының құрамы таңдалғанын атап өткен жөн. Осылайша, «Асфальтобетон-1» ЖШС зауытында тотыққан түрлендірілген битум партиясы шығарылып, еліміздің оңтүстік өңірінде тәжірибелі учаске салынды. Өз кезегінде, бұл тәжірибе жүргізілетін жағдайларды қолданыстағы шынайы жағдайларға жақындатуға, тотыққан модификацияланған битумды қолдана отырып, битумды байланыстырғыштарды таңдауға мүмкіндік берді.


Айта кетерлігі, 2022 жылдың мамыр айында тәжірибелік учаске базасында мониторинг жүргізілді. Мониторинг қорытындысы бойынша тотыққан битум қолданылған асфальтбетон жабыны сапалы, сондай-ақ жабынның тегістігі барлық талаптарға сәйкес келетіні анықталды.


Алынған нәтижелер мен тәжірибелік учаскенің мониторингі негізінде «Тотыққан модификацияланған битум өндіру технологиясы бойынша ұсынымдар» жобасының бірінші редакциясы әзірленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,463 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,354 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,994 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,191 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.