ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Мамандар алдағы көктем жылы болатынын болжап отыр

Мамандар алдағы көктем жылы болатынын болжап отыр

Өмір-өзен 16.02.2022, 05:54 1,577
Мамандар алдағы көктем жылы болатынын болжап отыр
Сурет: Facebook.com
Көктемгі ауа райының тосын сыйы да болуы мүмкін.

Көктемгі ауа райының тосын сыйы да болуы мүмкін.


 «Қазгидромет» РМК мамандарының болжауынша, көктемде ауа температурасының оң аномалиясы бар күндер көбірек болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy,kz Turkystan.kz сітеме жасап.


Атап айтқанда, наурызда ауаның орташа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2°С жоғары, Батыс Қазақстан облысында, Атырау облысының солтүстік-батысында нормаға жуық болады деп болжанды.


Ал сәуір айында еліміздің барлық аумағында ауа температурасы нормадан 1°С жоғары болмақ. Батыс Қазақстан облысында, Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Алматы облысының оңтүстік-шығысында норма шамасында.


Алайда, көктемгі ауа райының тосын сыйы да болуы мүмкін. Себебі өтпелі маусымда синоптикалық процестер өте тұрақсыз келеді. Осылайша, суық ауа массасының ағыны қарлы боран тудырып, солтүстік аймақтарға әсер етуі мүмкін. Арктикалық антициклондардың кіруімен оңтүстік аймақтарда да аяз болуы ғажап емес.


Мамырда еліміздің басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы көп жылдық нормаға жуық болады. Дегенмен, бірқатар облыстарда, әсіресе, елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде мамыр күндері ауа температурасы климат нормасынан 1°С төмен болады. Бұған Сібір аудандарынан келетін суық ауа әсер етпек.


Синоптиктер наурызда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынның мөлшері нормаға жуық, ал елдің солтүстік-батыс бөлігінде нормадан артық болады деп болжайды.


Сәуірде жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде, еліміздің батысында, қиыр солтүстігінде, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының оңтүстік-шығыс жартысында, Түркістан және Жамбыл облыстарының таулы, тау бөктерлі аудандарында нормадан аз болады.


Мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады. Ал Қызылорда, Түркістан, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батыс жартысында, Жамбыл облысының солтүстік-батыс жартысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында нормадан аз болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.