ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мәлік Отарбаев: Елдік мұрат – біртұтас ұлт болу

Мәлік Отарбаев: Елдік мұрат – біртұтас ұлт болу

Әлеумет 18.04.2025, 11:01 592
Мәлік Отарбаев: Елдік мұрат – біртұтас ұлт болу
Суреттерді түсірген - С.Құсайынов
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков Алматы қаласындағы мәдениет, спорт және денсаулық сақтау саласының өкілдерімен...
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков Алматы қаласындағы мәдениет, спорт және денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесті. Іс-шара Қазақстан–Британ техникалық университетінің мәжіліс залында өтті. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Кездесу Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтқан идеялары мен тұжырымдарына арналды. Жиынға қатысушылар ұлттық идеология, мәдени мұра және қоғамдық сананы жаңғырту мәселелерін талқылады.

Кездесуде Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда айтқан бастамаларына тоқталып, оның идеологияға, ұлттық құндылықтар мен тәрбиеге қатысты ұстанымдарына жоғары баға берді. Ол ұлт зиялыларының, әсіресе Қаныш Сәтбаев сияқты рухани тұлғалардың ел болашағы үшін жасаған еңбектерін үлгі ете отырып, қазіргі қоғамға да сондай жанашырлық қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Мереке Құлкенов 23 сәуірдің Ұлттық кітап күні ретінде белгіленуін маңызды бастама деп бағалап, кітап пен мерзімді басылымдардың қоғамдық санаға әсері туралы ой қозғады.

Жиында қалалық денсаулық сақтау және спорт саласының өкілдері де сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының сөзін толық қолдайтындарын білдірді. Олар қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар аясында қол жеткізілген жетістіктер мен жаңа бастамалар жөнінде баяндады. Алматы қаласының әкімдігі тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау мен инфрақұрылымдық жобалар денсаулық сақтау мен спорт салаларын дамытуда үлкен серпін беріп отыр.

Кездесудің негізгі баяндамашыларының бірі – ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев болды. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысының идеологиялық бағыты мен мемлекеттік реформалар жайлы кеңінен айтып, әділдік, сабақтастық және өрлеу қағидаттары төңірегіндегі идеяларды талдады.

Ол сондай-ақ, халқымыздың Сақ дәуірінен бастау алатын бай тарихын тек өткеннің көлеңкесінде емес, бүгінгі күннің нұрлы келбетімен үйлестіре қарап, ұлттық құндылықтарды дәріптеу қажет екенін жеткізді. Мәлік Нұржанұлы "біртұтас ұлт" және "бірегей халық" ұғымдарының қазіргі таңда бұрынғыдан да өзекті екенін атап өтті.

Алматыда өткен бұл кездесу – Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдағы бастамаларын жергілікті деңгейде түсіндіру және қолдау шараларының бір көрінісі. Ұлттық идеологияны нығайту, мәдениет пен руханиятты дамыту, халықтың әлеуметтік салаларға деген сенімін арттыру – бүгінгі күннің басты міндеті болып қала береді. Ел бірлігі мен тарихи жады – ұлт болашағының мызғымас негізі екенін жиын қатысушылары тағы бір мәрте еске салды.

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,310 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.