Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Малайзиялық AIRASIA X «KAZAKH TOURISM» Ұлттық ком...

Малайзиялық AIRASIA X «KAZAKH TOURISM» Ұлттық компаниясымен ынтымақтасты

Әлеумет 16.03.2024, 08:49 1,067
Малайзиялық  AIRASIA X «KAZAKH TOURISM» Ұлттық компаниясымен ынтымақтасты
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

 AirAsia X (AAX) Куала-Лумпурдан Алматыға дейінгі алғашқы тікелей рейсін сәтті іске қосты. Бұл жаңалықты мерекелі іс-шарада атап өткеннен кейін, Air Asia X «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясымен стратегиялық ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.


Меморандум Қазақстан мен Малайзия арасындағы туризмді ілгерілету барысындағы әуе компаниясы мен ұйым арасындағы коммерциялық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді. Сондай-ақ, меморандум бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға, бірлескен сату мен маркетингтік науқандарды дамытуға, оған қоса, туризм арқылы екі елдің экономикасын ынталандыруға көмектеседі.


Стратегиялық серіктес ретінде AirAsia Алматыға Малайзия мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен саяхатшылар әкеліп қана қоймай, Куала-Лумпур арқылы қазақстандық туристер үшін атап өтілген аймақ бойынша 130 жаңа бағыт ашады. Компаниялар бірлескен конференциялар, туристік көрмелер мен басқа да іс-шаралар арқылы Оңтүстік-Шығыс Азияда Малайзия мен Қазақстанның туристік өнімдерін дамытуды көздейді.  


Өзара түсіністік туралы меморандумға AirAsia X компаниясының бас директоры Беньямин Исмаил мен «Kazakh Tourism» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов қол қойды. Сонымен қатар салтанатты шараға Малайзияның Қазақстандағы Елшісі Жоғары Мәртебелі Мохда Адли бин Абдулла; Capital A атқарушы төрағасы Датук Камарудин Меранун; және AirAsia X төрағасы Дато Фам Ли И қатысты. Сондай-ақ Алматы халықаралық әуежайының, Қазақстанның Азаматтық авиация басқармасының өкілдері мен саланың басқа да мамандары қатысты.


Беньямин Исмаил, AirAsia X компаниясының бас директоры:



«Бұл стратегиялық одақ Малайзия үшін де, Қазақстан үшін де маңызды қадам болып табылады. Бұл саяхат сапасын жақсарту ғана емес, сонымен қатар біздің экономикамызды қолдауға бағытталған іс. Біз қайда ұшсақ та, біздің бәсекеге қабілетті тарифтеріміз әуе саяхатын ынталандырып, жұмыс орындарын құру мен экономикалық өсудің негізгі қозғалтқышы болып табылатын туризм секторына үлкен ықпал етеді».



Қайрат Сәдуақасов, «Kazakh Tourism» компаниясының Басқарма төрағасы:



«Біз AAX-ті елімізде қарсы алуға қуаныштымыз. Air Asia-ның біздің нарыққа шығуы Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағы үшін маңызды. AAX-пен ынтымақтастық жемісті болып, маңызды сауда, коммерциялық, мәдени және білім беру алмасуларына ықпал етеді деген үміттеміз».



Екі бағыттағы туризмді дамыту мақсатында AAX аптасына 4 рет жиілікпен Куала-Лумпур-Алматы және Алматы-Куала-Лумпур бағыттарында рейстерді іске қосты. Ұшақтар әр сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері ұшатын болады.


AAX-тің Куала-Лумпурдан Алматыға алғашқы рейсі 2024 жылдың 14 наурызында 90%-дан жоғары жүктеме коэффициентімен қонды. Бұл әуе компаниясы тарапынан Орталық Азияның дәл жүрегіне жасалған үлкен қадам. Сол күні әуе компаниясы Алматыдан Куала-Лумпурға жүктердің 80 пайыздан астамын тасымалдады. Бұл компанияның аймақтағы жұмысының сәтті басталғанын көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#туризм #Ынтымақтастық #Малйзия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.