Үкімет отырысында вице-премьер Серік Жұманғарин Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың басынан бері 2 млн бас ірі қара мал, 3,2 млн бас қой мен ешкі, 3 млн тонна сүт есептен шығарылғаны жайында баяндады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
«Есептен шығарылған мал басының негізгі үлесі жеке қосалқы шаруашылықтарға тиесілі. Қосымша 2,5 млн тонна дәнді дақылдарды, 2 млн тоннаға жуық картопты және 300 мың тоннадан астам пиязды есептен шығару жоспарлануда. Жалған есептерді қайтадан болдырмау үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін есепке алу және қадағалау, сондай-ақ субсидиялар беру бойынша ақпараттық жүйелер жетілдіріліп жатыр», — деп атап өтті вице-премьер.