ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Мәжілісте ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру шар...

Мәжілісте ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру шарттарын жеңілдету ұсынылды

Мұны білген жөн 28.01.2026, 17:21 144
Мәжілісте ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру шарттарын жеңілдету ұсынылды
aikyn.kz
Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров Жамбыл облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету процесі заңнамадағы өзгерістер мен электрон базаға байланысты тежеліп қалғанын айтып, премьер-министрдің бірінші...

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров Жамбыл облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету процесі заңнамадағы өзгерістер мен электрон базаға байланысты тежеліп қалғанын айтып, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Депутаттың айтуынша, өңірде коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алуға 57 434 адам кезекте тұр, ал кезектегілердің мәліметтері бар болғаны 10% деңгейінде ғана жаңартылған.

"Алайда сатып алынған пәтерлерді осал топтағы азаматтарға үлестіру қолданыстағы Заңнамаға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер кедергі болып отыр. Бұрында жергілікті атқарушы органдарда болған функциялар "Тұрғын үй құрылысы жинақ" банкіне (бұдан былай Банк) берілді және баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке қою электрондық базасы арқылы автоматты түрде  жүзеге асырылып жатыр. Осы себептерге байланысты коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінетін тұрғынжайды келісу туралы өтінішке дер кезінде жауап бермеуіне және кезекте тіркелген азаматтардың деректерінің түзетіліп жаңартылмауына байланысты баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары созылып кетті. Бүгінгі күні коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне тұрған 57 434 азаматтың небәрі 10 пайызының деректері түзетулер енгізіліп жаңартылған. Бұған тиісті деңгейде түсіндірме жұмыстарының болмауы, электрондық цифрлық қолтаңбамен дұрыс пайдалануды, уақытылы қол қоя алмауы себеп болып отыр", - деді ол. 

Депутат сауалында 2025 жылы әлеуметтік осал топтарға арналған жалдамалы тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджеттен 21,5 млрд теңге бөлініп, 1 425 пәтер алынғанын атап өтеді. Алайда сатып алынған пәтерлерді үлестіру ісі азаматтардың деректерін уақытылы түзету, өтініштерді келісу және электрон цифрлық қолтаңбаны қолдану мәселелеріне тіреліп, нақты нәтижені тежеп отыр.

Ескендіров бұл жерде негізгі түйін – түсіндіру жұмыстарының әлсіздігі мен жүйедегі рәсімдердің ауырлығында дейді. Соның салдарынан тұрғын үй "берілуге дайын тұрса да", қағазсыз жүйенің "процедурасы" халықты сарсаңға салған.

Екінші көтерілген мәселе – жеңілдетілген ипотека арқылы сатылатын үйлердің квотасы.

Депутат Өнеркәсіп және құрылыс министрінің №187 бұйрығына сәйкес, ипотекалық тұрғын үй қорының кемінде 70%-ы әлеуметтік осал топтарға, 20%-ы жетім балаларға, ал 10%-ы кезектегі басқа азаматтарға ұсынылатынын еске салады. Бірақ дәл осы 70% талап пәтерлердің уақытылы сатылуына кедергі келтіруі мүмкін екенін алға тартады.

Мысал ретінде Тараз қаласын келтіреді: 2025 жылы сатылымға шыққан 706 пәтердің төлем қабілеті расталмағандықтан 588-і ғана берілген. Ал биыл Таразда 1 278 пәтерден тұратын 29 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталып, сатылымға шығарылмақ. Егер олардың 895 пәтері (70%) әлеуметтік осал топтарға ұсынылса, былтырғы жағдай қайталануы ықтимал дейді депутат. Оның үстіне, кезекте тұрғандардың 31 055-і (54%) – әлеуметтік осал топ өкілдері.

Ескендіровтің уәжі бойынша, төлем қабілетінің төмен болуы пәтерлердің өтпей қалуына, тиісінше жергілікті атқарушы органдардың облигациялық қарыздарын уақытында өтеуіне кері әсер етеді. Осыған байланысты ол:

  • осал топтарға сатылатын пәтер үлесін 70%-дан 50%-ға дейін төмендету, және/немесе

  • ипотекалық қарыз беру шарттарын жеңілдету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.