AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мәжілісмендер жастармен жүздесті

Мәжілісмендер жастармен жүздесті

Әлеумет 23.02.2022, 08:07 1,372
Мәжілісмендер жастармен жүздесті
m.azh.kz

Алматы технологиялық университетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары студент жастармен, оқытушы профессорлармен, қоғам белсенділерімен және журналистермен, т.б. кездесті.  Жиында «Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты Қазбек Иса сөз алды. Кездесуді оқу орнының Бірінші проректоры Бауыржан Нұрахметов жүргізіп отырды.


Шарада коллекторлық компаниялардың мәселесі, несие, қаңтар оқиғасы және әлеуметтік-экономикалық бағыттағы мәселелер сөз болды.



Азат ПЕРУАШЕВ,


«Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы:


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасап жатқан бастамалары айқын. Біз елдің жағдайын жақсартайық десек, саяси өзгеріс қажет. Кешегі қаңтар оқиғасы бәрімізге сабақ болды. Осындай сындарлы шақта бәріміз бір атаның баласындай, бір қолдың саласындай тірлік етуіміз керек. Барлығымыз жұдырықтай жұмылып, елді өркендетуге атсалысайық. Егер өзімізді өзіміз қолдамасақ, демемесек, біздің тыныштығымыз басқаларға қажет емес. Бұл елдің тағдыры өзіміздің қолымызда. Сондықтан бұлғақ кезінде қате басып қалған қаракөздерімізге кешіріммен қарауымыз керек сияқты. Шалыс басқандарын өздері де айтуда. Біз бұл жөнінде екі рет депутаттық сауал жолдадық. Мемлекетіміздің болашағы - жастардың қолдында. Бірлікті сақтайық! Елімізді дамытайық!


  



Қазбек ИСА,


Мәжіліс депутаты:


Біз үшін білім, оның ішінде технологиялық білім маңызды. Өзіміз де технологиялық университеттің қабырғасында кездесіп отырмыз. Енді қаңтар оқиғасы туралы айтпай өте алмаймыз. Түрмелерде қамалған жастармен кездестік. Кезекші полиция бәрі жақсы екенін айтады. Бірақ тізіліп тұрған жастардың көзінен құтқарушылар келгендей үміт сәулесін көрдік. Қолдан келгенше олардың мәселесін шешуге тырысудамыз. Бұл жастар - негізінен ауылдан келгендер. Аяқтарына кигені крассовка. Осыдан-ақ олардың әлеуметтік жағдайды түсінуге болады. Бүлікші, содырдан бейбіт жастарды ажырата білуіміз керек. Елді мекеннен келген жас өрендер үшін қалада қазақ тілі жарай қоймайды. Сондықтан мемлекеттік тіл тұғырына қонбай, іс өнбейді. Біртіндеп аталған мәселелер іске асады деген үміттеміз. Осы бағытта барша қоғам үлес қосқаны абзал. Еліміз аман болсын!



Бауыржан НҰРАХМЕТОВ,


Алматы технологиялық университетінің Бірінші проректоры:


Қастерлі Отанымызда үлкен өзгерістер болып жатыр. Әр тарихи кезеңнің өзіндік жаңару жолы болады. Біз жастармен тікелей жұмыс істейміз. Оқу ордамызда техникалық бағытта мамандар даярланады. Олардың көбісі жемісті қызмет етіп жүр. Еліміздің депутаттары университетімізде жастармен, оқытушылармен, т.б жүздесіп отыр. Біздің студенттер өздерінің белсенділігін танытып, әртүрлі тақырыпта сауалдарын жолдады. Жалпы, Қазақстан қоғамын өркениетке бастайтын жастар. Ендеше болашағымыз тәрбиелі, білімді де білікті жастардың қолында болады деп сенеміз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Депутаттар #жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);